Кистаубаева А., Савицкая И., Шокатаева Д., Жабакова А., Құли Ж. Ауыл шаруашылық қалдықтарының целлюлозалы субстраттың ашытқы бактериалды конверсия жолымен жемдік ақуыз өнімдеріне дейін утилизациялау

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ., *e-mail: aida.kistaubaeva@kaznu.kz

Авторы

  • Кистаубаева A . Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аннотация

Микробтық ақуыз пен пробиотиктерге бай целлюлозалы шикізаттың биоконверсиясы
– жануар және құс шаруашылығындағы жемнің сапасын жақсартудың әдістерінің бірі.
Микроорганизмдердің екі тобының біріккен қатты фазалы ферментациясы соңғы субстраттың
биоконверсияның құралы ретінде пайдаланылады (Norman 2009: 268). Бұл конверсияның алғашқы
кезеңі ретінде – шикізаттың қанттануын жүзеге асыратын Bacillus (целлюлозалық ферменттер
және антимикробтық субстанциялардың продуценттері) туысының бактериясы. Екіншісі – ақуыз
продуценттері – ашытқылардың арнайы штаммдары.
Целлюлозалы шикізат – бидай кебегін, күнбағыс қалдығын және күріш қауызын тәуліктік
сорпалы бактериалды дақылмен инокуляттады. Дақылдауды 10 тәулік бойы 28-300С
температурада жүзеге асырады. Ферментацияның тиімділігі, яғни Bacillus туысының 12 штамының
қатты целюлозалы субстраттарда өсу қабілетін құрамындағы 80% H2SO4 және 2% HCl-да оңай
гидролизденетін полисахаридті целлюлозаның өзгеруімен бағалайды.
Зерттеу барысында целлюлоза және гемицеллюлозаның шығыны: кебекте – 2-6 %, күріш
қауызында – 7-10 %, күнбағыс қалдығында – 5-9%. 3 түрлі аралас дақыл құрастырылды. Bacillus туысы бактериялары мен Pichia guilliermondii ашытқыларынан тұратын аралас дақылдарды
пайдалану целлюлозаның бұзылу тиімділігін 2-3 есе арттырды. Бұлардың арасындағы белсенділері
қатты субстраттарда жасұнықтың гидролизін 20- 25 % жүргізді.
3 тәулік ішінде 8×109 КОЕ/г-ға дейін соңғы субстраттарда өсуге қабілетті, ал алдыңғы
бактериалды конверсия олардың өсуін 25% арттырған, алдын ала өңделген ашытқы
штаммдарының субстраттарын инокуляттады.
Алынған нәтижелер целлюлозаның бактериалды конверсия жолымен алынатын
қантты пайдаланушы аэробты, целлюлозолитикалық Bacillus туысының бактериялары мен
целлюлозолитикалық емес Pichia guilliermondii ашытқылары өсімдік субстратының сатылы
ыдырауға қабілетін көрсетеді.
Түйін сөздер: целлюлозалы шикізат, қатты фазалы ферментация, Pichia guilliermondii,
микробтық ақуыз

Загрузки

Опубликован

2017-11-05

Выпуск

Раздел

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ