Оксидативті стресс пен антирактық агенттер әсерінен ДНҚ молекуласында пайда болған тізбекаралық айқасқан байланыстардың репарациясы
DOI:
10.26577/EJE.2019.v61.i4.01Аңдатпа
Аңдатпа. Химиялық агенттердің әсерінен екі комплементарлы ДНҚ тізбектері бір-бірімен,
сутектік байланыс емес, ковалентті байланысқан жағдайда тізбекаралық айқасқан байланыстар
(ICL) пайда болады. Сондықтанда ICL, транскрипция, репликация және ДНҚ рекомбинациясы
сияқты клетканың тіршілігіне маңызды процестерді тежеп, клетканың апоптоз жолына түсуіне
себеп болады. Осыған орай, цисплатин және митомицин С сияқты химиялық агенттер рак және
гиперплазиялық ауруларына қарсы химиотерапия саласында кеңінен қолданылады. Алайда,
ICL-ің цитотоксикалық әсеріне қарсы тұратын клеткаішілік процестер, сонымен қатар ДНҚ
репарациясының механизмдері химиотерапиялық өңдеулердің емдік әсерін шектеп отыр. Осы
мақалада, біздер ICL түзетін бірнеше заттардың қасиеттерін, сонымен қатар түзілген ICL-дің
репрациялану механизмі туралы соңғы деректерді талқылаймыз. Соңғы кездері жарияланған
деректер, ICL-дің пайда болу механизмдері мен клетканың ICL-ге қатысты жауабы туралы
түсінігімізді кеңейтті. ICL зақымдалулардың репарациялану сипаттамалары еш өзгеріссіз
болғанымен, ICL-дің түрлеріне қатысты жаңа репарациялану механизмдері айқындалып жатыр.
Осы, ДНҚ молекуласындағы ICL түрлеріне қатысты репарациясының механизмі туралы жаңа
деректер, ісікке қатысты терапияда ICL түзуші агенттерді пайдаланудың емдік әсерін арттыруға
негіз бола алады деп ойлаймыз.
Түйін сөздер: ДНҚ репарациясы, оксидативті стресс, ДНҚ тізбекаралық байланысы








