Түркістан облысының суармалы тұздалған топырағы жағдайында жүгерінің өсуі мен дамуына BACILLUS SP. ПК-1 галофильды микроағзалардың әсері

Авторлар

  • I. Z. Karabaeva Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty http://orcid.org/0000-0002-2652-1264
  • G. D. Ultanbekova Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty http://orcid.org/0000-0003-4443-8277
  • Rh. K. Sydykbekova Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty http://orcid.org/0000-0002-7924-4977
  • S.S. Saparov, N. Tokseitov, G.B. Serikbay, A.K. Abay Kazakh research Institute of soil science and Agrochemistry. U. U. Uspanova, Kazakhstan, Almaty

DOI:

10.26577/EJE.2020.v62.i1.02

Аңдатпа

Зерттеу барысында Түркістан облысының суармалы тұздалған топырағы жағдайында дәнді
дақыл жүгерінің өсуі мен дамуына Bacillus sp. ПК-1 галофильді микроағзаның әсерін зерттеу.
Біздің мақсатымыз бойынша, Түркістан облысының суармалы тұздалған топырағы жағдайында
дәнді дақыл жүгерінің өсуі мен дамуына Bacillus sp. ПК-1 галофильді микроағзаның дақылдық
сұйықтығымен инокуляциялау және тамырдан тыс қоректендіруді зерттеу. Bacillus sp. ПК-1 штамын
өсіру 220 айн/мин шайқағышта 28 0С температура аралығында 72 сағат бойы ЕПА (ет пептонды
агар) (50,0 г/л NaCl, pH 7.1) қоректік ортасында өсірілді. Bacillus sp. ПК-1 штамының дақылдық
сұйықтығымен жүгері дақылының тұқымдарын өңдегенде, өсімдіктің өнімі 15-35 % артты. Екі
қайтара тамырдан тыс өңдегенде жүгері өсімдігінің өсіп, өнуі артып, тамырының салмағының 50 %
арттыруына себеп болатыны тұрақталды. Біздің жүргізген зерттеулерде, Түркістан облысының
суармалы тұздалған топырағы жағдайында дәнді дақыл жүгерінің өсуі мен дамуына аборигенді
галофильді микроағза Bacillus sp. ПК-1 штамын келешекте жаңа биопрепараттардың негізі ретінде
қолдануға болатындығы анықталды. Жүгерінің дәнді дақылдарының өсуі мен дамуын арттыру
үшін оны топырақ биоценоздарына жерсіндіру үшін пайдалану мүмкіндігі көрсетілген.
Түйін сөздер: жүгері дәні, тұзға төзімді микроағзалар, PGPR бактериялары, Bacillus, өсуді
тездеткіш белсенділік.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-24

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ