Британдық аңдыз (Inula britannica (Compositae тұқымдасы)) сығындысының зертханалық тышқандардың ағзасындағы генотоксикалық және қорғаушы белсенділігі

Авторлар

  • A. I. Iliyassova әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5612-2304
  • A. V. Lovinskaya әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-7012-2415
  • S. Zh. Kolumbaeva әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-0835-3655
  • Abilev S. K Vavilov Institute of General Genetics, Russia, Moscow; Lomonosov Moscow State University, Russia, Moscow

DOI:

10.26577/EJE.2020.v62.i1.03

Аңдатпа

Inula Britannica өсімдігінің жерасты бөлігінен алынған сығындысын зертханалық тышқандардың висцеральды дене мүшелерінде жасушаларына антимутагенді және мутагенді
белсенділігі зерттелді. Генотоксикалық немесе антигенотоксикалық белсенділікті анықтау
үшін ДНК-комет әдісінің сілті вариациясы пайдаланылды. Оливе құйрық сәті, комета құйрықтағы ДНК пайызы, залал индексі параметрлер бойынша келесі 8 дене мүше жасушаларында
ДНҚ үзілістерінің жиілігін бағаладық: ми және сүйек кемігі, өкпе, жүрек, бүйрек, бауыр,
асқазан, көкбауыр. Биологиялық активті заттарды (БАЗ) 100.0 мг/л және 150,0 мг/л концентрациясында пайдаландық. Осы екі концентрациясында БАЗ-ды зертханалық тышқандарға
ішкізкенде олардың бүкіл мүше жасушаларында ДНК үзілістер жиілігі интактты
жануарлармен салыстырғанда риясыз деңгейінен айтарлықтай жоғары емес еді, демек Inula
britannica сығындысының генотоксикалық белсенділігі табылған жоқ. Ал симметриясыз
диметилгидразинді (НДМГ) қолданғанда зерттелген дене мүшелерінің жасушаларын интактты
зертханалық тышқандармен салыстырғанда ДНҚ-үзілістер санының статистикалық маңызды
ұлғаюы болды. НДМГ-мен БАЗ-ды бір мезгілде қолданған кезде, Inula britannica сығындысы
ксенобиотиктердің генотоксикалық әсерін статистикалық түрде айтарлықтай азайтты. Мұның
барлығы Inula britannica сығындысы антимутагендік және антигенотоксикалық белсенділікті
білдіретін қабілеті бар екендігін болжайды.
Түйін сөздер: британдық аңдыз, биологиялық активті заттар, мутаген, антимутаген,
генотоксикалық әсер, ДНК-комета әдісі.

Жарияланды

2020-03-24

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ