Ескі пестицидтер қоймаларының жанында мекендейтін тышқан тәрізді кеміргіштердің генетикалық статусы

Авторлар

  • О.Г. Чередниченко*, И.Н. Магда, А.Л. Пилюгина, Г.М. Байгушикова, С.К. Нуралиев, Л.Б. Джансугурова, ҚР БҒМ ҒК Жалпы генетика және цитология институты
  • Нигай Н. Л. ҚР БҒМ ҒК Жалпы генетика және цитология институты

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v63.i2.03

Аңдатпа

Пестицидтер мен тұрақты органикалық ластағыштардың (ТОЛ-дың) зиянды әсері әлемнің барлық дерлік елдері үшін маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында пестицидтердің жойылмаған, ескірген едәуір көлемі жинақталған, олар қираған қоймаларда сақталуда және сол маңдағы аймақты ластауда. Пестицидтердің тышқантәрізді кеміргіштерге мутагендік әсерін зерттеу мақсатында 2018-19 жылдары ескірген және қолдануға тыйым салынған пестицидтерді сақтайтын бұрынғы бес орынның жанында, бұрын пестицидтер пайдаланылған ауылшаруашылық алқаптарының жанында және бақылау аумағында тексеру жүргізілді. Биоиндикатор ретінде тышқан тәрізді кеміргіштер алынды. Индикаторлы жануарлардың негізгі метрикалық және функциональдық параметрлерінің мәндері нормадан ауытқулар анықталмағандығын көрсетеді, бірақ олар жалпы Қазақстанның ластанбаған аймақтарында тіршілік ететін осындай жануарларға тән сипаттамаларға сәйкес келеді. Соған қарамастан, Белбұлақ, Амангелді, Қызылқайрат, Еңбекші тексеру нүктелерінде ұстап алынған тышқан тәрізді кеміргіштердің генетикалық статусын бағалауда олардың айналмалы қанындағы эритроциттердегі микроядролар жиілігі салыстырмалы аймақтардағы кеміргіштер нәтижелерінен едәуір ерекшеленетінін және ескі жойылмаған пестицидтер қоймаларының маңындағы жерлерден ұстап алынған жануарлардың генетикалық аппаратының бұзылу жиілігінің едәуір артқандығын көрсетеді. Зерттелген бақылау нүктелерінің топырағында зерттеу алынған жануарлардағы ДНҚ-ның зақымдану дәрежесін commet-test әдісімен бағалау нәтижелерінің корреляциялық талдауы, зерттелетін бақылау топтарындағы ТОЛ-дың (тұрақты органикалық ластағыштар) жалпы құрамы 0,70 бірлік байланыстырғыштықтың сандық бағасын анықтады, бұл Чеддок шкаласы бойынша байланыстың сапалық сипаттамасына «байқалатын/жоғары» сәйкес келеді және полиномиялық теңдеумен сай келетін қанағаттанарлық деп сипатталған. Зерттелген нүктелерден алынған топырақ сынамаларының мутагендігін талдау кезінде адам лимфоциттері дақылдарындағы хромосомалық аберрациялар жиілігі мен тышқантәрізді кеміргіштерге қолданылған тест-жүйелер арасындағы статистикалық маңызды өзара байланысы анықталды. Түйін сөздер: биоиндикация, микроэлементтер, тышқан тәрізді кеміргіштер, пестицидтер, comet-test.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ