Бидай септориозын дифференциалды диагностикалауға арналған дуплексті ПТР сынақ-жүйесін әзірлеу

Авторлар

  • Кожабергенов Н.С., Тайлакова Э.Т., Исабек А.У., Бурашев Е.Д., Султанкулова К.Т., Рсалиев А.С. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қтк

DOI:

10.26577/EJE.2020.v63.i2.07

Аңдатпа

Қазіргі уақытта септориоз дүние жүзінде, әсіресе климаты қоңыржай елдерде, көп зиян келтіретін және экономикалық елеулі бидай ауруларының бірі болып табылады. Эпифитотиялы жылдарда аурудан болатын шығындар 20-40 % дейін жетуі мүмкін. Қазақстанда септориоз дәнді дақылдардың саңырауқұлақ ауруларының ішінде үстем орын алады. Елдегі бұл ауру бойынша қолайсыз жағдайға байланысты уақтылы әрекет ету және тиісті шараларды қабылдау үшін фитопатогендерді жедел диагностикалау қажеттігі туындайды. Осы міндеттерді шешу мақсатында полимеразды тізбек реакция (ПТР) әдісі негізінде дуплексті ПТР сынақ-жүйесі әзірленді. Септориозды дифференциалды диагностикалауға арналған ПТР сынақ-жүйесін әзірлеу барысында молекулалық биология әдістері қолданылып, Parastagonospora nodorum және Zymoseptoria tritici саңырауқұлақтарының неғұрлым консервативті гендік аймақтары анықталды. Табылған аймақтар бойынша мультиплексті анықтауға арналған, бір-бірімен үйлесімді жұпты праймерлер құрастырылды. ПТР-ді қою параметрлері оңтайландырылды. Zymoseptoria tritici, Parastagonospora nodorum, Pyrenophora tritici-repentis, Alternaria alternata, Alternaria infectoria, Fusarium, Ascomycota, Epicoccum саңырауқұлақтарының ДНҚ-ларын қолдана отырып жасалған сынақ-жүйенің ерекшелігі мен сезімталдылығы тексерілді. Зертханалық сынақтың нәтижелері сынақ-жүйенің ерекшелік қасиеті жоғары екенін көрсетті және сезімталдылығы бір реакцияда 5 пикограмм ДНҚ-ны құрады. Түйін сөздер: Parastagonospora nodorum, Zymoseptoria tritici, ПТР, праймерлер, ДНҚ.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE