Жаркент геотермалды суынан термофилді бактерияларды бөліп алу

Авторлар

  • Машжан А. C. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-9516-5566
  • Измукан А. Ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-2561-7870
  • Токтырова Д . әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0003-3166-4515
  • Кистаубаева А. С. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы http://orcid.org/0000-0002-9385-7155
  • Биркеланд Н . Берген Университеті, Норвегия, Берген қ http://orcid.org/0000-0001-6569-1920

DOI:

10.26577/EJE.2020.v64.i3.03

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты Қазақстан, Алматы облысының Жаркент қаласындағы геотермалды
суынан термофильді микроорганизмдерді анықтау және сипаттау болып табылады. Жаркент
геотермалды суында өркендеп жатқан прокариоттық қоғамдастықтың филогенетикалық
әралуандылығын микробиологиялық әдістермен зерттелді. Жүргізілген зерттеу нәтижелері
бойынша Жаркент геотермалды суынан бөліп алынған изоляттар шынайы термофилдер болып
табылатындығын және термостабильды ферменттердің көзі болуы мүмкін екендігін растады;
сегіз изоляттың үшеуі (AC1W, AC1S, AC4S) селективті орталарда жақсы ферментативті
белсенділігін көрсетті. Температурасы (50, 60, 70, 80 және 95оC), әртүрлі қоректік орталары
(амилаза продуценті, целлюлаза, липаза), әртүрлі рН (5, 6, 7, 8 және 10) сияқты әртүрлі
селективті орталарда оқшауланған термофильді бактериялар өсірілді. Бөлініп алынған бактерия
штаммдарының морфологиялық белгілері сканерлеуші электронды микроскоппен (СЭМ)
зерттелді.
Бұл зерттеу барысында жасалған биохимиялық тестілердің және морфологиялық
сипаттамалардың (эндоспор түзілу, аэробтар, каталазға және оксидазға оң, оптималды өсу
температурасы 75-85 °С және рH өсуінің оптималды диапазоны 7,5-8) нәтижелері негізінде,
бөлінген изоляттар Geobacillus түріне жорамалданды. Осылайша, біз жүргізген зерттеулер
нәтижесі бойынша Жаркент геотермалды сулары, өнеркәсіптік маңызды ферменттерді алу үшін
зерттелуі тиіс термофильді микроорганизмдердің бай алуан түрлілігі бар екенін көрсетті.
Түйін сөздер: гипертермофилдер, Жаркент геотермалды суы, гидролаза, экстремозимдер,
изолят.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-15

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ