Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының табиғи су көздерінен алынған үлгілердің токсиндік және мутагендік қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v64.i3.06

Аңдатпа

Қазіргі экологиялық жағдай су көздерін мутагендік, генотоксикалық және фитотоксикалық
белсенділікке тексеру мәселесін күрт көтереді. Су көздерінің айналасындағы адамдардың
белсенділігінің артуы жер үсті суларының әртүрлі шығарындылар мен қалдықтармен ластану
қаупін арттырады, сулы ортадағы әртүрлі ластаушы заттардың концентрациясының жоғарылауы
осы көздің мутагендік белсенділігіне әкелуі мүмкін. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында
орналасқан Есік, Түрген және Есік өзендері автомобиль жолдарына, әртүрлі кәсіпорындарға
және адам қызметіне жақын болғандықтан, ластану қаупі үнемі артып келеді. Су үлгілері
құрамын физика-химиялық талдау нәтижесінде марганец, қорғасын, мырыш және кадмий шекті
рұқсат етілген концентрациядан асатыны анықталды. Allium-тест зерттелген су үлгілерінің
уыттылығы мен мутагендігін анықтады. Есік өзенінің суында пияз тамырының өсуіне кедергі
келтіретін фитотоксикалық белсенділік байқалды. Есік, Түрген өзендері және Есік көліндегі
цитотоксикалық белсенділік теріс бақылауға (дистилденген су) қарағанда, митоздық индекстің
статистикалық маңызды төмендеуінде (p≤0.05) байқалды. Өзеннің су үлгілерінде әлсіз
мутагендік белсенділік байқалды. Есік, Түрген өзендері және Есік көлінде, теріс бақылауға
қарағанда, осы су объектілеріндегі суда өну кезінде пияздың тамырлық меристемасы
клеткаларындағы хромосомалық атерация деңгейінің статистикалық тұрғыдан жоғарылауы
көрінді (p≤0.05). Осылайша, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағында орналасқан
су айдындарындағы табиғи жер үсті суларының уытты және мутагендік әлеуетін зерттеудің
алынған нәтижелері, олардың биота мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, экологиялық
қауіпті факторлармен ластанғанын көрсетеді.
Түйін сөздер: табиғи беткі сулар, ауыр металдар, аллий сынағы, митоздық индекс,
хромосомалық аберрациялар.

Жарияланды

2020-12-15

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE