Алматы облысының ыстық су көздерінен бөлініп алынған цианобактериялық қауымдастықтың морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

  • S Sandybayeva Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-4340-8749
  • K Bolatkhan Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-7133-6546
  • A Kakimova Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-5612-1002
  • A Toktybay Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-7420-3458
  • G Akhmetova Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-5747-1557
  • D Salauat Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0009-0009-2602-6667
  • M Amangeldin Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0009-0002-2009-5054
  • B Zayadan Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-4572-2416

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v75.i2.010

Аңдатпа

Термофильді цианобактериялардың түрлік құрамын анықтау және аксеникалық дақылдарын бөліп алу үшін Алматы облысы Шонжы елді мекенінде орналасқан төрт ыстық су көздерінен алынған цианобактериялардың әртүрлілігі зерттелді. Бұл зерттеудің мақсаты Шонжы ыстық су көздеріндегі термофильді цианобактерияларының алуан түрлілігін, морфологиялық және дақылдық қасиеттерін зерттеу және оларды өнеркәсіптік биотехнологияда қолдану үшін аксеникалық дақылдар қатарына енгізу болды, себебі бұл организмдер ғылыми тұрғыдан қызықты және термотұрақты биомолекулалардың көзі ретінде құнды. Зерттеу нәтижесінде цианобактериялардың 8 аксеникалық дақылдары бөлініп алынып, морфологиялық ерекшеліктеріне қарай олар Oscillatoria subbrevis, Phormidium ambiguum, Nostoc commune, Synechococcus elongatus, Synechocystis sp., Tolypothrix tenuis, Anabaena cylindrica және Spirulina fusiformis ретінде анықталды. Сонымен қатар, оларды дақылдаудың оптималды жағдайлары анықталды: бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының жоғары өсуі BG-11, Заррук және Громов қоректік орталарында рН 7 кезінде 28-36°С оптималды температурада және 50 мкмоль м−2 с−1 жарық қарқындылығында байқалды.

Кілт сөздер: ыстық су көздері, термофилдер, цианобактериялардың алуан түрлілігі, оқшауланған аксеникалық дақылдар, морфологиялық және дақылдық қасиеттері, өсіру жағдайларын таңдау, өсу динамикасы.

Жарияланды

2023-06-30

Журналдың саны

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ