ӨНЕРКӘСІПТІҚ ҚАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАҚШАЛАРЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІҢ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Лаура Болуспаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-6564-6222
  • Ахан Абжалелов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-3313-3657
  • Валдемар Спихальский Познань жаратылыстану университеті, Познань, Польша https://orcid.org/0000-0002-9646-3039
  • Жанат Жазнаева С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өскемен, Қазақстан https://orcid.org/0009-0003-6556-7075
  • Сарсенбаева Гульмира Al-Farabi Kazakh National University, Almaty, Kazakhstan https://orcid.org/0009-0003-6438-0903

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v81.i4.a4

Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында өндірістік кешенге жақын және қала маңында орналасқан ауылдағы жеке меншік бақшалардың топырақтарына экологиялық баға берілді. Топырақ сынамаларына жүргізілген физикалық және химиялық талдау нәтижелері қорытындыланып, алынған деректер статистикалық өңдеуден өткізілді. Анализдерді жүргізуге арналған топырақ және көкөніс үлгілері қала ішінде «Қазмырыш» ЖШК -не жақын маңда орналасқан жеке бақшалардан алынды. Сонымен қатар салыстырмалы талдау жүргізу үшін қала шетінен- Ахмер ауылынан сәйкесінше үлгілер жинақталды. Бұл үлгілер химиялық талдауға дайындалып, құрамында Zn, Pb, Cu және Cd мөлшері анықталды.

Зерттеліп отырған аймақтардың топырағында талданған ауыр металдардың мөлшері өндірістік аймақта  Ахмер ауылынан қарағанда бірнеше есе жоғары екендігі анықталған. Барлық зерттелген аймақтардағы топырақтардағы талданған металдардың алынған орташа мәндері Қазақстанда қабылданған қауіпсіз деңгейден жоғары. Өндірістік аймақта алынған сынамаларда барлық зерттелген ауыр металдардың мөлшері халықаралық ұсынылған қауіпсіз деңгеймен салыстырғанда 2-ден 8 есеге дейін жоғары болды. Бірдей экологиялық жағдайда өсірілгендігіне қарамастан, көкөністердің ауыр металдардың жинақтау деңгейі әр түрлі болды. Дегенмен, топырақтағы ауыр металдардың жоғары болуы өсімдік құрамына тұра әсер еткенін атап өткен жөн. Ауыр металдардың ең көп мөлшері өндірістік ауданда өсірілген көкөністерде, ең азы – қала маңындағы ауданда анықталды

Түйінді сөздер: өнеркәсіптік аймақ, қала маңындағы ауыл, жеке бақшалар, топырақ және көкөністер

Жарияланды

2024-12-20

Журналдың саны

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ