ТОБЫЛ ӨЗЕНІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ГИДРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ
DOI:
10.26577/EJE87220266Аңдатпа
Бұл мақалада Қостанай облысы аумағындағы Тобыл өзенінің 2020–2024 жылдар аралығындағы гидрохимиялық көрсеткіштер негізінде экологиялық жағдайына кешенді баға берілген. Зерттеу РМК «Қазгидромет» Қостанай облыстық филиалының бақылау деректері негізінде жүргізіліп, өзеннің бес нүктесінде су сынамалары бойынша жүргізілді. Су сапасын бағалау үшін кальций, магний, хлоридтер, минералдану және ілінген заттар сияқты негізгі көрсеткіштер зерттелді. Талдау нәтижелері Су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес, барлық нүктелердегі судың сапасы 6-класқа – яғни жоғары дәрежеде ластанған категорияға жататынын көрсетті. Бұл судың ауыз су, шаруашылық-тұрмыстық және балық шаруашылығында пайдалануға жарамсыз екенін айқындайды. Сонымен қатар, көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты анықтау үшін корреляциялық талдау жүргізіліп, кальций, магний, минералдану және ілінген заттар арасында тығыз байланыс, ал хлоридтермен әлсіз тәуелділік анықталды. Зерттеу нәтижелері Тобыл өзенінің бассейнінде антропогендік жүктеменің жоғары деңгейде екенін және су ортасын қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттілігін көрсетеді.
Кілт сөздер: Тобыл өзені; экологиялық жағдай; гидрохимиялық көрсеткіштер; су сапасы; минералдану; корреляциялық талдау; антропогендік ластану; су мониторингі; Қостанай облысы; тұрақты су пайдалану.








