ЭНДОФИТТІ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ПРОТЕКТОРЛЫҚ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

10.26577/EJE87220261

Аңдатпа

Құрғақшылық — өсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігі мен өнімділігіне айтарлықтай әсер ететін абиотикалық стресс факторларының бірі. Су тапшылығы митохондриялар мен хлоропластардағы электрон тасымалдау үдерістерінің бұзылуына әкеліп, белсенді оттек түрлерінің шамадан тыс түзілуін және тотығу стрессінің дамуын туындатады. Тотығу стрессі өсімдіктерде молекулалық, биохимиялық және физиологиялық деңгейлерде өзгерістерге себеп болады. Қазақстан ауыл шаруашылығының негізгі мәселелерінің бірі – су ресурстарының тапшылығы болып табылады. Ел аумағындағы жайылымдық жерлердің едәуір бөлігі не пайдаланылмайды, не топырақ деградациясына ұшыраған, ал қуаң аймақтардағы ауыл шаруашылығының өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Қазіргі уақытта абиотикалық факторлардың, соның ішінде құрғақшылықтың теріс әсерін төмендету әдістерінің бірі ретінде «прайминг» деп аталатын тәсіл кеңінен қолданылуда. Аталған әдіс тұқымдарды, көшеттерді немесе жас өсімдіктерді олардың минералдық және бейімделу күйін жақсартатын биологиялық агенттермен өңдеуді қамтиды. Осыған байланысты құрғақшылыққа төзімділікті арттыра алатын микроорганизмдер ауыл шаруашылығы дақылдары үшін ерекше қызығушылық тудырады, өйткені олар өсімдіктердің стресс факторларына қарсы тұру қабілетін күшейтіп, өнімділікті сақтауға ықпал етеді. Мақалада дәрілік өсімдіктерден бөлініп алынған, өсімдік өсуін ынталандыратын микроорганизм штаммдарын іріктеу бойынша деректер ұсынылған. Жүргізілген скрининг нәтижесінде 3 дәрілік өсімдіктен 67 изолят бөлініп алынып, олардың ішінен ең жоғары белсенділік көрсеткен әрі бірнеше құнды қасиеттерге ие 3 штамм таңдалды. Іріктелген эндофитті микроорганизмдер өсімдіктердің физиологиялық үдерістеріне (морфометриялық көрсеткіштер мен фотосинтез) оң әсер етті, сондай-ақ бос пролин мөлшерін төмендетуді ынталандырып, жасушалардағы судың құрылымдануына ықпал етті және өсімдіктердің тургорлық қысымын азайтты. Кілтті сөздер: микроорганизмдер, абиотикалық стресс, прайминг, ауылшаруашылық дақылдары, өсуді ынталандыру белсенділігі.      

Автор өмірбаяндары

  • Айжамал Усманова, «Алматы Технологиялық Университеті», Алматы қ., Қазақстан

    PhD, Алматы технологиялық университетінің қолданбалы биотехнология кафедрасының ассистент-профессоры, (Алматы, Қазақстан)

  • Алма Каташева, Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Алматы технологиялық университетінің қолданбалы биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан)

  • Сауле Нукенова, Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Техника ғылымдарының магистрі, Алматы технологиялық университетінің қолданбалы биотехнология кафедрасының сеньор-лекторы (Алматы, Қазақстан)

  • Айжан Батырбаева, Алматы технологиялық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Алматы технологиялық университетінің қолданбалы биотехнология кафедрасының ассистенті «АҚ (Алматы, Қазақстан)

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ