«КӨКШЕТАУ» МҰТП АУМАҒЫНДАҒЫ ФЛОРАНЫҢ СИРЕК ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ  

Авторлар

  • Шынар Дурмекбаева Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5332-6069 ##orcid.unauthenticated##
  • Гүлжайна Өнерхан Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3469-4947 ##orcid.unauthenticated##
  • Ерлан Жумай «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көкшетау, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7100-2471
  • Сансызбай Мемешов Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0749-5689
  • Гульмира Кыздарбекова Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9982-9027
  • Гүлнәз Рақымжан Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE872202612

Аңдатпа

Мақалада «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы флораның сирек түрлерінің таралу заңдылықтары мен экологиялық сипаттамасы қарастырылған. Зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдік түрлерінің популяциялық жағдайын бағалау және биоалуантүрлілікті сақтау қажеттілігімен негізделеді. Бұл зерттеудің мақсаты – парктың бес филиалы аумағында сирек өсімдіктердің кеңістіктік таралу ерекшеліктерін анықтау, олардың экологиялық топтарын талдау және аумақтар арасындағы флоралық ұқсастық деңгейін бағалау. Жұмыстың ғылыми маңызы сирек түрлердің таралу аймақтарын орманшылық, орам және телім деңгейінде нақтылауымен және сирек флора құрылымына кешенді баға беруімен сипатталады. Зерттеу нәтижесінде 13 сирек түр анықталып, олардың 11-і жоғары сатыдағы өсімдіктерге, 1-і қынаға және 1-і мүкке жататыны анықталды. Сирек түрлердің таралу аймақтары орман шаруашылығы орамдары мен телімдері деңгейінде нақтыланып, картографиялық материалдарға түсірілді. Флоралық ұқсастықты бағалауда ең жоғары ұқсастық Зеренді мен Арықбалық филиалдары арасында (J=0,75) анықталса, ең төмен көрсеткіш Шалқар мен Айыртау филиалдарына тән болды (J=0,17). Экологиялық талдау нәтижесінде түрлердің басым бөлігі гигрофиттер, мезофиттер және ксеромезофиттер екені анықталып, парк аумағында орманды-дала және сулы-батпақты экожүйелердің кең таралғанын көрсетті. Барлық зерттелген түрлер Қазақстанның Қызыл кітабының III санатына жатады. Зерттеу нәтижелері флораның сирек түрлерін сақтау, мониторинг жүргізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми негізде басқару ісіне маңызды үлес қосады.

Түйінді сөздер: Қызыл кітап, Көкшетау МҰТП, флора, сирек өсімдіктер, флоралық ұқсастық, экологиялық топтар.  

Автор өмірбаяндары

  • Шынар Дурмекбаева, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    б.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, «Биология және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, доцент (Көкшетау қ. Қазақстан)

  • Гүлжайна Өнерхан, Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, Астана, Қазақстан

    б.ғ.к., Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, қауымдастырылған профессор (Астана қ. Қазақстан)

  • Ерлан Жумай, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көкшетау, Қазақстан

    PhD, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, ғылыми қызметкер (Көкшетау қ. Қазақстан)

  • Сансызбай Мемешов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    а/ш.ғ.к., Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, С. Сәдуақасов атындағы агротехникалық институтының директоры, қауымдастырылған профессор (Көкшетау қ. Қазақстан)

  • Гульмира Кыздарбекова, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    PhD, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, қауымдастырылған профессор (Көкшетау қ. Қазақстан)

  • Гүлнәз Рақымжан, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау, Қазақстан

    Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, лаборант (Көкшетау қ. Қазақстан)

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION