ПЭТ МИКРОПЛАСТИГІНІҢ СҮЗІЛГЕН СУЛЫ СЫҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ АРПА (HORDEUM VULGARE L.) ӨСІМДІГІНІҢ ЕРТЕ ӨНУ КЕЗЕҢДЕРІНЕ ФИТОТОКСИКАЛЫҚ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE208830926

Аңдатпа

 

Полиэтилентерефталат (ПЭТ) микропластигі өсімдіктерге, әсіресе онтогенездің алғашқы кезеңдерінде, жағымсыз әсер етуі мүмкін ең көп таралған антропогендік қоршаған орта ластаушы заттарының бірі болып саналады. Бұл зерттеудің мақсаты – сығынды алу шарттарына, фракция мөлшеріне және микропластиктердің концентрациясына байланысты Hordeum vulgare L. тұқымдарының өнуіне ПЭТ әсерін бағалау. Экстракттар ПЭТ фракцияларынан <1 мм, 1–2 мм және 2–3 мм 0,1 және 1,0 г/л концентрациясында үш режимде дайындалды: «ыстық су», «салқын су», «салқын су + шейкер». Шартты уақыт өткеннен кейін үлгілер сүзіліп, алынған сығындылар арпа тұқымдарын өңдеу үшін пайдаланылды. Жұмыс барысында дәндердің өну дәрежесі, өну жылдамдығы және өну үйлесімділігі, сондай-ақ, сығындылардың рН мәні бағаланды. Тұқымдарға ең көп жағымсыз әсер ыстық су жағдайында алынған экстракттармен көрсетілетіні, ал шайқағышсыз салқын су жағдайында алынған экстракттар көп жағдайда теріс бақылаудан статистикалық тұрғыдан айтарлықтай ерекшеленбейтіні анықталды. Біржақты дисперсиялық талдауға сәйкес, өну дәрежесінде (F = 14,46; p<0,001), өну жылдамдығында (F = 16,46; p<0,001) және өну үйлесімділігінде (F = 14,59; p<0,001) топтар аралық айырмашылықтар анықталды. Барлық зерттелген көрсеткіштер бойынша үш жақты дисперсиялық талдау экстракт дайындау түрінің, ПЭТ фракциясының мөлшерінің, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесуінің статистикалық тұрғыдан маңызды әсер ететінін, ал экстракттардың концентрациясы өздігінен айтарлықтай әсер етпейтінін көрсетті. Корреляциялық талдау экстракттардың рН мәні мен өну дәрежесі, өну жылдамдығы және өну үйлесімділігі арасында статистикалық тұрғыдан маңызды теріс байланысты анықтады. Алынған нәтижелер ПЭТ-тің бұл жүйеге фитотоксикалық әсері, ең алдымен, сүзілген сулы сығындыны алу шарттарымен және микропластикалық фракцияның өлшемімен анықталатынын көрсетеді.

Түйін сөздер: полиэтилентерефталат микропластигі, арпа тұқымдары, өну дәрежесі, өну жылдамдығы, өну үйлесімділігі.

Автор өмірбаяндары

  • Рената Халматова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    «7М05105 – Генетика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, стажер-зерттеуші, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: renata.ren2003@gmail.com

  • Екатерина Равильевна, НИИ проблем биологии и биотехнологии при КазНУ им. аль-Фараби

    кіші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: katya24.04.97@mail.ru

  • Анна Владимировна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, жоба жетекшісі (PI), молекулалық биология және генетика кафедрасының доценті, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, жетекші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: anna.lovinskaya@kaznu.edu.kz

  • Шынар Мухаметжановна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аға ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: Shynar.Yrgynbayeva@kaznu.edu.kz

  • Тамара Минажевна, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    зоология, гистология және цитология кафедрасының профессоры, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бас ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: t_shalakhmetova@mail.ru

  • Сауле Колумбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    молекулалық биология және генетика кафедрасының профессоры, Биология және биотехнология факультеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, бас ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты, e-mail: s_kolumb@mail.ru

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ