Phaseolus vulgaris L. үлгілерінің Colletotrichum lindemuthianum 2 және 7 расаларына төзімділігі агробиоалуантүрлілікті сақтаудың негізі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE872202611Аңдатпа
Кәдімгі үрме бұршақ (Phaseolus vulgaris L.) тағамдық, шаруашылық және генетикалық маңызы жоғары дәнді-бұршақты дақылдардың бірі болып табылады. Бұл дақыл үшін ең қауіпті аурулардың бірі - Colletotrichum lindemuthianum саңырауқұлағы қоздыратын антракноз, ал қоздырғыштың нәсілдік өзгергіштігі төзімді бастапқы материалды дұрыс таңдауды қиындатады. Зерттеудің мақсаты жылыжай жағдайында үрме бұршақтың 10 үлгісі мен 2 бақылау үлгісінің C. lindemuthianum-ның 2 және 7 нәсілдеріне төзімділігін бағалау болды. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы селекцияға, будандастыруға және агробиоалуантүрлілікті сақтауға жарамды төзімді формаларды анықтаумен байланысты. Зерттеуде Michigan State University ұсынған тұқымдық материал пайдаланылды, ал MDRK және MICH бақылау үлгілері ретінде алынды. Инокуляция патогеннің әрбір нәсілі бойынша жеке жүргізіліп, өсімдіктердің зақымдану дәрежесі CIAT 1–9 балдық шкаласы бойынша визуалды бағаланды. Нәтижесінде үлгілердің басым бөлігі антракнозға төзімділік көрсетті; MDRK және MICH бақылау үлгілері сезімтал болды, ал Beluga сортында тек әлсіз симптомдар байқалды. Зерттеудің құндылығы материалды бірнеше нәсіл бойынша бағалау қажеттілігін дәлелдеуде. Нәтижелердің практикалық маңызы төзімді генотиптерді кейінгі селекциялық жұмыстарға ұсынумен айқындалады.
Түйін сөздер: кәдімгі үрме бұршақ, антракноз, Colletotrichum lindemuthianum, төзімділік, агробиоалуантүрлілік.








