Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы топырақ жамылғысының қазіргі заманғы жағдайы

Авторлар

  • Рамазанова Н.Е., Токсанбаева С.Т., Инкарова Ж.И., Саспугаева Г.Е Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v58.i1.02

Аңдатпа

Қазіргі таңда қоршаған ортаға антропогендік әсер жердің тозуы, топырақ жамылғысының
өзгеруі және нашарлауы, су ресурстарының ластануы және т.б. сияқты үлкен зардаптарға әкеледі.
Қазіргі уақытта жер беті ландшафтысының 1/2 бөлігінен астамы адамның әсерінен өзгеріп
отыр және әрине, бұл өзгеріске топырақ жамылғысы ұшырайды. Осыған байланысты топырақ
жамылғысының ағымдағы жай-күйіне мониторинг жүргізу және уақытылы бағалау шараларын
жүргізу маңызды. Сондықтан да, осы мақаланың тақырыбы мен мақсаты – Батыс Қазақстан
облысы Бөрілі ауданындағы топырақ жамылғысының ағымдағы жай-күйін ашу болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы Бөрілі ауданының топырақ жамылғысының ағымдағы жай-күйін зерттеу
үшін Батыс Қазақстан облысының Бөрілі ауданы аумағынан 5 кілттік учаскенің топырақ үлгілері
туралы мәліметтері алынды. 5 кілттік учаскедегі топырақ жамылғысының үлгілері Орал қ. ҚР
БҒМ «Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің» РМКШ
сынақ зертханасында бірыңғай іріктеу техникасына сәйкес өткізілді. Мақалада Батыс Қазақстан
облысы Бөрілі ауданының топырақ жамылғысының негізгі сипаттамаларын зерттеу және топырақ
жамылғысының ластануына баға бере отырып, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының топырақ
жамылғысының қазіргі жағдайы көрсетілген. Топырақ жамылғысын зерттеу барысында цинк,
мыс және никель сияқты химиялық элементтердің шектік рауалды концентрациядан барынша
жоғары екені анықталды.
Түйін сөздер: антропогендік әсер, ластаушы заттар, топырақ, топырақ жамылғысы, шектік
рауалды концентрация, ағымдағы күй, химиялық қосылыстар.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-04-03

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ