Ақтөбе облысы жағдайындағы Anthemis trotzkiana claus ценопопуляцияларының жастық құрылымы мен онтогенетикалық күйі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v58.i1.011Аңдатпа
Мақалада Ақтөбе облысы жағдайындағы сирек кездесетін түр Anthemis trotzkiana Claus
ценопопуляцияларының (ЦП) онтогенетикалық күйін, сандық және жастық құрамын зерттеу
нәтижелері келтірілген. Зерттеу барысында Anthemis trotzkiana Claus онтогенезінде 3 кезең және
6 онтогенетикалық күйі анықталған. Ценопопуляциялардың негізгі көрсеткіштері есептеліп,
онтогенетикалық құрылымы сипатталған.
Жастық индексі (∆) және энергетикалық тиімділік индексі (ω) бағалауы бойынша
1-популяцияның 3 ценопопуляциясында жастық индексі шамалас 0.40-0.44, энергетикалық
тиімділік индексі 0.51-ден 0.74 -ке дейін ауытқыған, 1 ЦП Δ = 0.40, ω =0.68, 2 ЦП Δ = 0.44,
ω =0.51 және 3 ЦП Δ = 0.42, ω =0.74.2 – популяциядағы 4, 5 және 6 ценопопуляцияларда
Anthemis trotzkiana көрсеткіштері салыстырмалы түрде жоғары. 4 ЦП Δ = 0.43, ω =0.76, 5 ЦП
Δ = 0.44, ω =0.74 және 6 ЦП Δ = 0.44, ω =0.75 және 3- популяция 6, 7 және 8 ЦП аумағында
жастық индексі басқа 2 популяциямен салыстырғанда жоғары көрсеткішке ие 0.54-0.63, ал
7-ценопопуляцияда энергетикалық тиімділік индексі өте төмен ω -0.48, 7 ЦП Δ = 0.56, ω =0.48,
8 ЦП Δ = 0.54, ω =0.70 және 9 ЦП Δ = 0.63, ω =0.68.
Ақтөбе облысы жағдайындағы зерттелген сирек кездесетін Anthemis trotzkiana Claus түрінің
жастық индексі (∆) және энергетикалық тиімділік индексі (ω), яғни «дельта-омега» мәндері және
қалпына келу, ауыстыру, қартаю көрсеткіштері келтірілген.
Түйін сөздер: онтогенетикалық күйі, жастық құрылымы, ценопопуляция, Anthemis trotzkiana
Claus.
