Көлсай көліндегі құбылмалы бақтақтың Parasalmo mykiss қазіргі жағдайы

Авторлар

  • Кожабаева Э.Б., Аблайсанова Г.М., Амирбекова Ф.Т., Пазылбеков М.Ж., Абилов Б.И ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы», Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJE.2019.v59.i2.012

Аңдатпа

Қазақстанның суқоймаларында су жануарларын тиімді пайдалану және балық өнімділігін
арттыру мақсатында бірнеше рет жерсіндіру іс-шаралары жүргізілді. Жерсіндіру жұмыстары
республиканың барлық су қоймаларында, соның ішінде таулы аймақтарда да жүргізілді.
Таулы суқоймаларының абиотикалық көрсеткіштерінің ерекшелігі су организмдерінің түрлік
алуантүрлілігін түсіндіреді және биоалуантүрлілікті арттыру, суқойманы тиімді пайдалану
мақсатында құбылмалы бақтақ балығы әкелінді. 20-шы ғасырдың ортасында құбылмалы бақтақ
балығын, Көлсай көлдеріне жерсіндірді, нәтижесінде жаңа түр пайда болды. Қазіргі уақытта
су айдындарында бірнеше аборигенді түрлер бар, бірақ тек кәсіптік маңызы бар құбылмалы
бақтақ. Жасалынған жұмыста құбылмалы бақтақтың Parasalmo mykiss (микижа), қазіргі жағдайы
туралы мәліметтер келтірілген, бірнеше жылғы бойы материалдар талданды. Биологиялық
көрсеткіштердің нәтижелері бойынша негізгі өлшемдік салмақ көрсеткіштері тұрақты
болып табылады. Жоғары Көлсаймен төменгі Көлсай көліндегі биологиялық көрсеткіштерді
салыстырғандағы мәні орташа. Балықтардың кіші және үлкен жастағы түрлері зерттеуге алынды,
үлкен балық түрлері жыл сайын кездеспейді. Балықтардың қоректік қоры жеткілікті, бұл
қоңдылығы бойынша мәліметтермен дәлелденеді.
Түйін сөздер: жерсіндіру, құбылмалы бақтақ, Көлсай көлі, аборигенді түрлер, биологиялық
көрсеткіштер

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION