Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қайрақты ауылдық округіндегі мал жайылымдарындағы өсімдіктердің мәденитехникалық жағдайын бағалау

Авторлар

  • Насыров Н.Б., Курманбаева М.С. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJE.2019.v59.i2.013

Аңдатпа

Бұл мақалада Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қайрақты ауылдық округіндегі мал
жайылымдық жерлердегі өсімдіктердің систематикалық тізімі, геоботаникалық сипаттамасы,
культур-техникалық жағдайы, шаруашылық маңызы мен малазықтық қоры туралы
қарастырылған. Сонымен бірге, зерттелген ауданның географиялық жағдайы, жер бедері, су
ресурстары, климаты және топырақ жамылғысы толықтай зерттеліп, талдаулар жасалынды.
Округ бойынша жалпы жайылымдық жерлер көлемі анықталып, олардың өсімдіктер
қауымдастығы бойынша типтерге жіктелуі мен контурлар түзуі көрсетілді. Зерттеу нәтижесінде
30 түрлі өсімдіктер қауымдастығының типтері анықталып, 12 типше мен 13 модификация
ажыратылды. Типтер 16 топқа жіктеліп, әрқайсысына жекелей тоқталып сипаттама берілген.
Мал азықтық жайылымдардың маусымдық пайдаланылуы мен онда жүргізілетін іс-шаралар
туралы, жалпы жемшөп қоры мен оның шаруашылықта тұтынылуы жөнінде нақтылы
мәліметтер алынды. Нәтижесінде, округ аймағында 24 тұқымдасқа жататын 88 түрлі өсімдіктер
тіркеліп, олардың 22 түрі малазықтық шөп қатарында екені анықталды. Олардың ішінде мал
жейтін немесе аз желінетін, сондай-ақ, улы және дәрілік өсімдіктер де байқалды. Округ
бойынша, деградацияға ұшыраған жайылымдарды қысқарту мақсатында, 1030 га жерде мал
жаюды қалыпқа келтіру, 4970 га жерде жайылым күшін азайту, 93 га жерде арамшөптермен
күрес жүргізу секілді ұсыныстар жасалды. Алынған нәтижелер бойынша, зерттелген аймақтың
картасы сызылып, көрсеткіштер тіркеуге алынды.
Түйін сөздер: жайылымдық жерлер, жер бедері, су ресурстары, топырақ жамылғысы,
климат, өсімдіктер қауымдастығы, жемшөп қоры, мал жаю, дәрілік өсімдіктер.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION