Жаздық бидайдың өніп-өсу белсенділігі мен сары татқа төзімділігіне стевия экстракттарының тигізетін әсері

Authors

Keywords:

жаздық бидай, стевия, стевиозид, сары тат, төзімділік, яровая ршеница, желтая ржавчина, устойчивость.

Abstract

Жаздық бидай сорттарының (Лютесцес- 32, Жеңіс, Казахстанская- 15, Казахстанская- 10, Қазахстанская раннеспелая) өсу белсенділігі және сары татқа төзімділігі олардың табиғатынан сондай-ақ, тұқымдарды өңдеуге қолданылатын стевия экстракттарының табиғаты мен өңдеу уақытынан тәуелді болатыны айқындалды. Жаздық бидaй coрттaры тұқымдарын алдын ала 40 % этанол негізінде стевияның құрғақ жапырақтарынан дайындалған сығындымен 1 және 16 сағат өңдеу, олардың өніп-өсу қарқынына, сондай- ақ, патогенге төзімділігіне оңтайлы әсерін тигізбейтіні байқалды. Ал тұқымдарды алдын ала 0,5 % стевиозидпен 16 сағат өңдеу олардың өніп-өсу белсенділігін және сары татқа төзімділігін арттыратыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.

 

В статье приведены результаты по изучению биологической активности экстрактов, полученных из листьев стевии на физиологические ростовые параметры, обусловливающие устойчивость к желтой ржавчине пяти сортов (Лютесцес- 32, Женис, Казахстанская- 15, Казахстанская- 10, Қазахстанская раннеспелая) яровой пшеницы. Отличия ростовых параметров яровой пшеницы зависило от их сортов а также от предобработки семян различными экстрактами стевии и времени экспозиции. Выявлено, что предобработка семян экстрактом из сухих листьев стевии на основе 40% этанола не дает положительных результатов. В то время как 16-часовая предобработка семян 0,5% стевиозидом существенно улучшает ростовые параметры, обусловливающие устойчивость к желтой ржавчине.

Downloads

Published

2016-04-29

Issue

Section

ENVIRONMENTAL IMPACT OF ANTHROPOGENIC FACTORS AND ENVIRONMENTAL PROTECTION

How to Cite

Жаздық бидайдың өніп-өсу белсенділігі мен сары татқа төзімділігіне стевия экстракттарының тигізетін әсері. (2016). Eurasian Journal of Ecology, 42(1). https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/691