Павлодар облысының (Қазақстан Республикасы) табиғи тұщы суларындағы тұзды шөгінділерінің сирекжер элементтерін зерттеу

Авторлар

  • Ш Арынова Торайгыров университеті, Казахстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0002-9895-7649
  • Г Омарова Торайгыров университеті, Казахстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0003-0513-9231
  • Н Корогод Павлодар педагогикалық университеті, Казахстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0002-3211-2336
  • И Чидунчи Торайгыров университеті, Казахстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0003-1885-9529
  • А Калиева Торайгыров университеті, Казахстан, Павлодар қ. http://orcid.org/0000-0002-9895-7649
  • Р Курманбаев Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ. http://orcid.org/0000-0002-0299-3494
  • B Sharipova Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. http://orcid.org/0000-0003-2182-8977

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v74.i1.02

Аңдатпа

Мақалада қоршаған ортаның табиғи және техногендік факторларының бірігіп әсер ету ықпалында болатын Павлодар облысының аумағына экологиялық-геохимиялық бағалау жүргізілген. Индикаторлық орта ретінде ауыз судың тұзды шөгінділерін пайдалану ұсынылады. Қақ үлгілерін зерттеу әдісі ретінде Томск политехникалық университетінде жүргізілген аспаптық нейтронды-белсендіру анализі алынды. Павлодар облысындағы ауыз судың тұзды шөгінділеріндегі сирекжер элементтерінің құрамы (La, Ce, Sm, Eu, Tb, Yb, Lu) және элементтердің қатынасы (La/Ce, La/Yb, La+Ce/Sm+Eu, La+Ce/Yb) +Lu) анықталды. Ауыз сулардың тұзды шөгінділерінде сирекжер элементтерінің таралуын көрсететін карта схемасы жасалды, одан олардың негізінен облыстың солтүстік бөлігінің аумағында көптеп жиналуын көреміз. Бұл элементтердің түсу көзі табиғи-техногендік генезиске ие, яғни аймақтың осы бөлігінде титан-цирконий шөгінділерінің болуына байланысты. Зерттелетін аумақта жеңіл лантаноидтердің ауыр лантаноидтерге қатынасы ауыз судың тұзды шөгінділерінде жеңіл лантаноидтердің басымдығын көрсетті, тек Баянауыл, Шарбақты, Ақтоғай аудандарының қақтарын қоспағанда.

 Сирекжер элементтері мөлшерінің радиоактивті элементтерге қатынасы қақтардың негізінен жоғары уранды екендігін көрсетті, тек Ертіс ауданындағы ауыз судың тұзды шөгінділерін қоспағанда.

Түйін сөздер: сирекжер элементтері, геохимия, қақ, Павлодар облысы, элементтердің өзара байланысы.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Журналдың саны

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ