ФИТОРЕМЕДИАЦИЯ СТРАТЕГИЯЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ҮШІН КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ МИКРОБТЫҚ ШТАМДАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ СИПАТТАУ

Авторлар

  • Рамза Бержанова Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9251-4452
  • Тогжан Мукашева Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3275-7895
  • Нургуль Бектилеуова Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1998-7071
  • Гульшара Абай ЖШС «BioClean», Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1666-8366
  • Елнур Сатыбалды Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-7859-2303
  • Райхан Сыдыкбекова Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7924-4977

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120261

Аңдатпа

PGPM микроорганизмдерінің сипаттамасы биоинокулянттар ретінде штамм түрлерін таңдаудағы маңызды қадам болып табылады. Бұл зерттеуде мұнаймен ластанған топырақта өсірілген өсімдіктер ризосферасынан, топырағынан және өсімдік ұлпаларынан бөлініп алынған 98 изоляттардың PGPM қасиеттері бағаланды. Зерттелген 98 изоляттың 21,4% - протеолитикалық белсенділігі, 24,4% - амилолитикалық және 9,2% целлюлозолитикалық белсенділікке ие екені спецификалық субстраттары бар агарлы орталарында анықталды. Бастапқы іріктеуден кейін жоғары екі немесе үштік гидролитикалық белсенділікті көрсеткен  20 изолят (N9, N11, MSM12, MSM3, MSM20, MSM21, MSM25, MSM20, V16, L5-2, L5-5, L5-6, L10-2, L10-6, L10-12, L10-10, KP5, KB9, KP10 және C10) іріктеліп алынды Сатылап скрининг жүргізу әдістемесі PGPR-қасиеттері бар, өсімдіктердің өсуін қамтамасыз ететін бірнеше немесе бірден артық қасиеттерді көрсеткен штаммдарды іріктеп алуға мүмкіндік берді. Оларға мыналар жатады: фитогормондар өндіру, азотты фиксациялау, ИСҚ секрециясы, темірдің хелаттаушы қосылыстарын өндіру, фосфаттарды еріту және гидролитикалық ферменттерді синтездеу. Сондықтан PGPR-қасиеттері бар көпфункционалды штаммдар мұнаймен ластанған топырақтардың фиторемедиациясының тиімділігін арттыру үшін ең перспективалы инокулянттар ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Түйінді сөздер: ИСҚ, өсімдіктердің өсуіне ықпал ететін бактериялар, сидерофорлар, фитогормондар, фосфаттар, азотты бекіту, протеаза, целлюлаза, амилаза.

Автор өмірбаяндары

  • Рамза Бержанова, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры  әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Тогжан Мукашева, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биотехнология кафедрасының профессоры  әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Нургуль Бектилеуова, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биотехнология кафедрасының 2 курс докторанты әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Гульшара Абай, ЖШС «BioClean», Алматы, Қазақстан

    ЖШС «BioClean» аға ғылыми қызметкері

  • Елнур Сатыбалды, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биотехнология кафедрасының 2 курс магистранты әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

  • Райхан Сыдыкбекова, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры  әль-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ