Қазақстандағы ақбөкен (Saiga tatarica) мен ауыл шаруалышығы секторы арасындағы қақтығыстарды сандық әлеуметтік желілердің деректері негізінде анықтау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE201140226Аңдатпа
Фермерлерден ақпарат алудың, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері мен мүдделі тараптар арасындағы білім және хабар таратудың негізгі заманауи көздердің бірі болып «жаңа медиа» табылады, оған жаңалықтар порталдары мен веб-сайттары және әлеуметтік желілер жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелердің бірі – адамдар мен ақбөкендер (Saiga tatarica) арасындағы қақтығыс, атап айтқанда, жабайы жануарлардың ауыл шаруашылығы алқаптарына келтірген зияны. 2015–2025 жылдар аралығындағы 237 сандық басылымның сапалық және статистикалық талдауы негізінде ақбөкендер популяциясының саны мен қақтығыс туралы хабарлардың саны (Спирманның корреляция коэффициенті rS = 0,891, p = 0,001), сондай-ақ ақбөкендер туралы медиа басылымдарының жалпы саны мен ақбөкендер саны (rS = 0,884, p < 0,001) арасында жоғары деңгейдегі оң корреляция анықталды. Алайда күнтізбелік жылды ескергеннен кейін байланыстар әлсіреп, статистикалық мәнділікке жетпеді. Шағымдар мен ақбөкен келтірген залалы туралы ескертулер бар хабарламалар саны 2021 жылдан кейін айтарлықтай өсті, 2023 жылы ең жоғары деңгейге жетті (жылдық басылымдардың 45,5%, 44-тің 20-сын құрады), бұл ақбөкендер популяциясының тез өсуімен сәйкес келді. Облысы анықталатын қақтығыстар туралы жарияланымдардың (n = 28 жарияланымның 23-і) ең көп саны Батыс Қазақстан облысына (18, 78,3%-ы) тиесілі, содан кейін Қостанай (n = 5), Қарағанды (n = 4), Ақмола (n = 3) және Ақтөбе (n = 3) облыстарына қатысты. Қақтығыстар туралы хабарламалардың миграциялық дәліздерге қатыстылығы кеңістіктік тұрғыдан тексерілмеді және болжам ретінде қарастырылады. Біздің білуімізше, бұл ақбөкен санының динамикасы мен сандық және әлеуметтік медиадағы қақтығыстар туралы хабарламалар динамикасы арасындағы байланысты сандық тұрғыдан бағалаудың алғашқы әрекеті болып табылады. Нәтижелер сандық медианың қақтығыстарды хабарлау динамикасын және мәселені қоғамдық қабылдауды бақылау әлеуетін көрсетеді. Нәтижелер қақтығыстардың нақты жиілігін емес, хабарламалардың динамикасын көрсетеді.
Кілттік сөздер: ақбөкен, әлеуметтік медиа, аграрлық сектор, адам және жабайы жануарлар арасындағы қақтығыстар.








