Кадмиймен уландырылған жануарлардың ағзасын тазартуда қолданылған «Инго-2» наноэнтеросорбентінің морфофизиологиялық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

  • Есимсиитова З.Б., Аблайханова Н.Т., Тусупбекова Г.А., Тулеуханов С.Т., Абылайханова Н.Т., Алияскарова У Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Аңдатпа

Қазіргі заманда адамдардың көптеген ауруларының себебі нашар
экологиялық жағдай болып табылады. Оның негізгі себептерінің бірі
қоршаған ортадағы көптеген токсикалық заттардың адам ағзасына әсерінен.
Қоршаған ортаның токсикалық заттары ағзаға ауа арқылы, қолданылатын
тағамдар мен сулар, сонымен қатар тері арқылы енеді. Бұл мақалада
кадмийдің токсикалық әсері кезінде жануарлар ағзасында, атап айтқанда
асқазанішек жолдарынан қан кетулерін, бауырдың интоксикациясын, бүйрек
жетіспеушілігін және қан қысымының бұзылыстарын тудыратындығы
зерттелген. Антропогенді сипаттағы экотоксиканттардың әсерінен жануарлар
ағзасында бұзылған зат алмасуларды қалпына келтіруде және жануарлар
ағзасына экотоксиканттардың қолайсыз әсерлерін төмендетудегі тиімді зат
ретінді «Инго-2» наноэнтеросорбентін ұсынамыз. Энтеросорбентті қолдануға
ешқандай қарсы көрсетілімдер жоқ және пайдалануда мамандырылған
құрылғыны қажет етпейтін әрі кез келген жағдайда қолдану мүмкіншілігіне
ие. Осыған орай «Инго-2» энтеросорбенттің ақегеуқұйрықтардың
морфофизиологиялық, гистологиялық және гематологиялық көрсеткіштеріне
әсері зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша «Инго-2» энтеросорбентке
тән мынандай сипаттар: ұзақ уақыт бойы қолдануда қауіпсіздігі, ауыр
металлдардың радионуклидтерін және токсиканттарды сорбциялаудағы
қабілеттерінің жоғарлығы, асқорыту жолын және басқа да мүшелерді
тітіркендірмейтінгі, ұлпа құрылымы мен құрамында ешқандай қайтымсыз
морфологиялық өзгерістер мен патологиялық процестер тудырмайтындығы
байқалды.
Түйін сөздер:адам экологиясы, гематология, «Инго-2» наноэнтеросорбенті,
кадмий, морфология, химиялық улағыштар, энтеросорбция, экологиялық
дағдарыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-19

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ