Радиациялық ластанған аймақтардың биотаға генетикалық әсерін зерттеу

Авторлар

  • Бигалиев А., Бекманов Б., Шимшиков Б., Кожахметова А., Адилова Л. 1. Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty; 2. Scientific research institute of general genetics and cytology of E.Sci.M.RK Kazakhstan, Almaty; 3. S. Asphediyarov national medical university, Kazakhstan, Almaty

DOI:

10.26577/EJE.2019.v60.i3.06

Аңдатпа

Техногенді факторлар барлық элементарлы эволюциялық факторлардың (мутациялық
процесс, миграция, оқшаулану және т.б.) әрекетін күшейте отырып, популяция генофондының
сапалы өзгерістеріне алып келуі мүмкін. Экожүйеде бақылау мен тәжірибелер бұрын белгісіз
болған жайтты анықтайды, яғни топырақтағы жануарларын 0,5-20 mSv/тәулігіне мөлшерде
радиациямен созылмалы әсер еткен кезде анық байқалатын әсерге ұшырағаны байқалады.
Әсіресе жауын құрттары сезімтал болып келеді. Зерттелген тест-жүйелердегі радиоактивтіліктің
жалпы деңгейін зерттеу нәтижесінде теңіз құрты Nereis diversicolor мен топырақтағы Eisenia fetida буылтық құрттарында β-сәулеленудің фондық деңгейінің артқаны анықталған. Хромосома
құрылымы бұзылған клеткалар арасында хроматидтіге (32,95%) қарағанда хромосомды
типті (67,04%) аберрациялар басым болды. Бұл көрсеткіш радиациялық әсердің жоғары
екенін дәлелдейді. Қазіргі кезде табиғи популяциялар мен адам ағзасындағы хромосомалық
аберрацияларды зерттеу құбылмалы тіршілік ортасының факторлары әсеріне байланысты ерекше
практикалық және теориялық маңызға ие болып отыр. Сондықтан, қоршаған орта мен тұрғындар
денсаулығына радиациялық ластанған аймақтардың әсер ету деңгейін анықтау кезінде аймақта
эколого-генетикалық және медико-биологиялық зерттеулер жүргізу маңызды болып есептеледі.
Жұмыстың мақсаты – жасалған жұмыстарының нәтижелері негізінде радиациялық ластанған
аймақтардың тіршілік ортасының заманауи жағдайын зерттеп және тірі организмдерге әсер
етуші генетикалық зардапты бағалау.
Түйін сөздер: радиация, цитогенетика, экология, хромосома, популяция.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-27

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE