Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында жапырақ және сабақ татына жұмсақ бидайдың карталанатын Памяти Азиева × Парагон популяциясының төзімділігі

Авторлар

  • Genievskaya Y., Amalova A., Sarbayev A., Griffths S., Abugalieva S., Turuspekov Y 1Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қазақстан, Алматы қ., e-mail: yerlant@yahoo.com 2әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 3Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан, Алматы облысы, Алмалыбақ 4Джон Иннес Орталығы, Ұлыбритания, Норвич қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v61.i4.02

Аңдатпа

Аңдатпа. Бидайдың саңырауқұлақ ауруының эпифитотииі, әсіресе жапырақ (қоздырғыш
Puccinia triticina Erikss.) және сабақ (қоздырғыш Puccinia graminis Pers.) татының таралуы,
дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстанда да өнімділікті 60-80% дейін төмендетеді. Мұндай
зиянды әсер патогеннің паразиттік сипатымен және оның спораларының желмен оңай таралу
қабілетімен түсіндіріледі. Егістік маңында патогендік аралық иелерінің болуы инфекцияның
жедел дамуында маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты, генетикалық және экологиялық
аспектілерді қоса, қоздырғыштарды жан-жақты зерттеу қажет. Бұл зерттеуде Ресейдің Памяти
Азиева мен британдық Парагон жұмсақ бидай сорттарын будандастыру арқылы алынған 98
рекомбинанттық инбредтік линиялардан тұратын популяциясы жапырақ пен сабақ татына
төзімділігін егістік жағдайында сынау үшін қолданылды. Эксперимент 2018-2019 жылдар
аралығында, Қазақстанның оңтүстік-шығыс егістік жағдайында жүргізілді. Нәтижесінде: әр
линия мен ата-аналық сорттардың төзімділік статусы анықталды, екі ауруға салыстырмалы
жоғары төзімділігі бар және жоғары өнімділігі бар перспективті линиялар анықталды, сонымен
қатар, аурудың зақымдау ауырлығы мен өнімділік компоненттерінің арасында кері корреляция
анықталды. Патоген, оның иесі және басқа ағзалар арасындағы қарым-қатынасты, патогеннің
таралу жолдары және оның экожүйедегі рөлін жақсы түсіну жұмсақ бидайдың жаңа сорттарын
дамытуға сенімді алғышарттар жасайды.
Түйін сөздер: жұмсақ бидай, Triticum aestivum, экологиялық сынақтар, генотип × қоршаған
орта өзара әрекеттесуі, жапырақ таты, Puccinia triticina, сабақ таты, Puccinia graminis.

Жарияланды

2019-12-22

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ