Қазақстандағы ТОЛ-пестицидтер мәселесі және тиімділігі жоғары жаңа фиторемедиант Мiscanthus sinensis-тің көмегімен оларды қайта қалпына келтіру әдістері (Талғар аймағының мысалында)

Авторлар

  • Нуржанова А.А., Мамирова А.А., Пидлиснюк В., Джансугурова Л.Б. 1ҚР БҒМ Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты, Қaзaқстaн, Алмaты қ., e-mail: gen_asil@mail.ru 2ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институты, Қaзaқстaн, Алмaты қ. 3Янa Евaнгелисты Пуркинa Университеті, Чехия, Усти-нaд-Лaбем қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v61.i4.04

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада өсімдіктерді химиялық заттардан қорғайтын бұрынғы қойманың
аумағын мониторинг жүргізу кезіндегі мәліметтер алынған (Алматы облысы, Талғар ауданы,
Қызыл-Қайрат ауылы) және M. sinensis-тің жаңа биоэнергетикалық түрлерінің қалпына келу
қабілеті көрсетілген. Бақылау кезінде ТОЛ-пестицидтерімен (ГХБ, α-ГХЦГ, γ-ГХЦГ, β-ГХЦГ,
δ-ГХЦГ, ДДТ, 4.4‘ДДЭ 2.4’ДДД, 4.4’ДДД, альдрин, гептахлор, гексабромбензол, гептахлор
эпоксид, дельдрин, дибутилэндан, кельтан, метоксихлор, эндрин, эндрин альдегид, эндосульфан
сульфат, эндосульфан, хлордан, хлорбензилат) ластанғандығы, олардың концентрациясы ШРКдан 120 есе асып кеткендігі анықталды. Топырақтың негізгі ластаушылары – α-ГХЦГ, β-ГХЦГ,
δ-ГХЦГ, ДДТ, 4.4’ДДЭ, 2.4’ДДД, альдрин, дельдрин, эндрин, гептахлорэпоксид, эндосульфан
1, хлорбензилат болғандығы көрсетілді. ТОЛ-пестицидтермен ластанған топырақта M. sinensis-ті
өсіру кезінде өсімдіктің төзімділік қабілетіне ие екендігі (төзімділік индексі 0.76) және ластанған
топырақтан DDTның 11 мкг метоболиттерін бөлу мүмкіндігі бар екендігі анықталды; бейімделу
реакциясын зерттеу кезінде, жапырақтардағы хлорофилл a мөлшерінің төмендеуі және көмекші
пигменттердің – хлорофилл b және каротиноидтардың үлес салмағының жоғарылауы анықталды.
Алынған нәтижелер жоғары деңгейде ТОЛ-мен ластанған жерлерді тазарту үшін M. sinensis
пайдаланудың тиімділігін көрсетеді.
Түйін сөздер: ТОЛ-пестицидтер, өсімдік, өнімділік, фотосинтез, фиторемедиация, топырақ

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-22

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ