Бидайдың қатты қара күйе ауруына Tilletia caries (DC.) төзімділік ген тасымалдаушыларын идентификациялау

Авторлар

  • Маденова А.К., Атишова М.Н., Кохметова А.М., Амангелдинова М.Е Өсімдіктер биологиясы және биотехнология институты, Қазақстан, Алматы қ.,

DOI:

10.26577/EJE.2019.v61.i4.06

Аңдатпа

Аңдатпа. Қатты қара күйе бидайдың ең қауіпті ауруларының бірі болып табылады, оның
қоздырғышы Tilletia caries (DC.). Қатты қара күйе аурумен күресудің ең тиімді әдісі генетикалық
қорғану болып табылады, ол қатты қара күйеге төзімді бидай үлгілерін өндіріске енгізуге мүмкіндік
береді. Қазіргі таңда бұл ауруға төзімділік көрсететін 15-ке жуық ген белгілі. Қатты қара күйеге
төзімділіктің негізгі гендерімен байланысты молекулалық маркерлер қатары әзірленді. Олар
жақсы шаруашылық-құнды белгілері бар бидай сорттарына тұрақтылық Bt-генінің скринингі
және интрогрессиясы арқылы қатты қара күйеге төзімді сорттарды жасау үшін пайдаланылатын
болады. Зерттеудің мақсаты молекулалық маркерлерді пайдалана отырып, қатты қаракүйеге
төзімді ген тасымалдаушыларын анықтау болып табылады. Қатты қаракүйеге Tilletia caries
(DC.) төзімділігін анықтауда румындық бидай үлгілеріне молекулалық және фитопатологиялық
скрининг жүргізілді. Молекулалық скринингтің нәтижесінде қатты қаракүйеге төзімді 2 үлгіде
(02429GP-1, F08245G1) Bt9 гені табылды. ПТР үшін FSD/RSA праймерінің локусын қолданғанда екі
үлгіде Bt10 гені анықталды. Фитопатологиялық талдау нәтижесінде 5 үлгі (02429GP-1, F08126G1,
F08245G1, F08347G1, F07270G2) қатты қаракүйеге жоғары төзімділікпен ерекшеленді. Retezat
сорты 52%-да төзімсіздік реакция көрсетті. Бұл құнды генотиптер болашақта қатты қара күйеге
төзімді сорттар шығару үшін селекцияда бағалы бастапқы материал ретінде пайдаланылуға
болады.
Түйін сөздер: бидай, молекулалық скрининг, төзімді гендер, фитопатологиялық бағалау,
қатты қаракүйе

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-22

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE