Әр түрлі СО2 концентрациясының цианобактерия штамдарының өнімділігіне әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2019.v61.i4.08Аңдатпа
Аңдатпа. Атмосферада көмірқышқыл газының (СО2) артық мөлшерде жинақталуы, сондай-ақ
су объектілерінің ауыр металдармен ластануы – күрделі экологиялық мәселелер болып табылады.
Осы тұрғыда, СО2-ны тиімді сіңіретін фототрофты микроорганизмдерді өсіру перспективті
әрекет болып табылады, өйткені алынған биомассаны пайдалы биоөнімдер алу үшін қолдануға
болады. СО2 жоғары концентрациясының цианобактериялардың өсу көрсеткішіне әсер етуіне
деген қызығушылық цианобактерияларды биофильтрлер ретінде өнеркәсіптік орындарынан
атмосфераға шыққан қалдық заттардан тазарту тұрғысындағы зерттеулерге байланысты арту
үстінде. Цианобактериялар – өсу жылдамдығы және биосинтез процесінің оңай басқарылуының
арқасында зерттеуге ыңғайлы нысан болып табылады. Бұл мақалада цианобактерия
штаммдарының өнімділігіне көмірқышқыл газының әртүрлі концентрацияларының әсер ету
нәтижелері берілген. Цианобактериялардың СО2 газының концентрациясына деген сезімталдығы
түрлік ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болып келеді. 2%, 4% және 8% концентрациясында
көмірқышқыл газының цианобактериялардың өсу көрсеткішіне әсері зерттелді және оптикалық
тығыздық пен флуоресценция белсенділігі тіркеліп, көміртегі диоксиді мөлшерінің жоғарылауы
биомасса өнімділігіне әсерін салыстырмалы түрде зерттеу жүргізілді. Көмірқышқыл газының
2-4% концентрациясы цианобактериялардың штаммдарының өнімділігіне оң әсер ететіндігі
анықталды. СО2 концентрациясын 8%-ға дейін арттыру цианобактериялардың өсу қарқынының
төмендеуіне әкелетіні байқалды. Cyanobacterium sp. IPPAS B-1200 штаммы құрғақ биомасса,
флуоресценция қарқындылығы бойынша зерттелген цианобактериялармен салыстырғанда
ең өнімді штамм ретінде таңдалынып, ауада СО2 – 4% концентрациясында белсенді өсетіндігі
анықталды.
Түйін сөздар: көмірқышқыл газы, цианобактерия, биомасса өнімділігі, флуоресценция
активтілігі.
