«Алтын-Емел» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ботаникалық алуантүрлілігіне бақылау жүргізу

Авторлар

  • Султанова Б.М., Баядилов К.О., Хабибрахманов Р.Х., Курмантаева А.А., Мирзалиева Д.Б. 1ҚР БҒМ «Ботаника және фитоинтродукция институты», Қазақстан, Алматы қ., e-mail: dinara-myrzalieva@mail.ru 2«Алтын-Емел» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJE.2019.v61.i4.09

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі өсімдік жамылғыларын зерттеу кезеңдеріне, бақылау аймағына және сирек кездесетін өсімдіктерге қысқаша
шолу жасалды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны бақылау, ботаникалық алуантүрлілік, флоралық
алуантүрлілік, фитоценотикалық алуантүрлілік ұғымдарына түсінік берілді. Жұмыстың мақсаты
– «Алтын-Емел» МҰТП өсімдік жамылғыларының қазіргі жағдайын бағалау. Зерттеу әдісі –
геоботаникалық, картографиялық. Өсімдік жамылғылары далалық геоботаникалық зерттеулердің
дәстүрлі әдістерімен зерттелді. Өсімдік жамылғыларын далалық картаға түсіру нақты бағытты
және топографиялық база мен ғарыштық түсірімдерді пайдалану арқылы ландшафттыэкологиялық профильдеу әдісімен жүргізілді. GPS құрылғысымен бекітілген нүктелерде негізгі,
басым аумақтағы өсімдік қауымдастықтарда геоботаникалық сипаттамалар толық жүргізілді.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Ғылыми маңызы – аймақтың өсімдік
жамылғысының биологиялық әртүрлілігі мен қазіргі жағдайын бағалау. Өсімдік жамылғысының
ағымдағы жай-күйін бағалау оның бұзылу дәрежесін анықтауға және ботаникалық әртүрліліктің
негізгі қауіп-қатерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Өсімдіктердің құрамы мен кеңістіктік
құрылымының негізгі бөлімдерінің картасындағы көрініс өсімдіктердің өзгеруінің қазіргі жайкүйін және дәрежесін көрсетудің ең ақпараттылық тәсілі болып табылады. «Алтын Емел» МҰТП
аумағында өсімдіктердің жабайы туыстарының аудандары мен сирек кездесетін өсімдіктер
қауымдастығын анықтау маңызды болып табылады. Зерттеу нәтижелері өсімдіктер мен
биоалуантүрлілікті қорғау бойынша практикалық шараларды әзірлеу үшін негіз болды.
Түйін сөздер: Мемлекеттік ұлттық табиғи парк, бақылау, жергілікті, аймақтық, ғаламдық.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-12-22

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION