ПТР әдісі арқылы нодулярлық дерматит ауруын зертханалық балауға арналған сынақ-жүйесінің компоненттік құрамын таңдау және оңтайландыру

Авторлар

  • М.D. Almezhanova; К.A. Shorayeva; A.A. Tlepov; N.T. Tumenbayeva; N.N. Mukhami; K.D. Zakarya; 1 - Биологиялық қaуіпсіздік проблeмaлaрының ғылыми-зeрттeу институты, Қaзaқстaн, Гвaрдeйск қтк.; 2 - М.Х. Дулaти aтындaғы Тaрaз мeмлeкeттік унивeрситeті, Қaзaқстaн, Тaрaз қ.

DOI:

10.26577/EJE.2020.v62.i1.06

Аңдатпа

Инфекциялардың қоздырғыштарын анықтауға арналған диагностикалық сынақ-жүйелерін
әзірлеу – қоршаған ортаның қолайлы экологиялық жағдайын қолдауға мүмкіндік беретін
ветеринариялық диагностиканың нақты бағыты. Адамзат қоғамы мен табиғаттың өзара әрекеті
қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі болып табылады. Экологиялық мәселелерді
шешу жолында әлемнің ғалымдары инфекциялық аурулардың алдын алу және күресудің түрлі
әдістерін әзірлеуде. Қазіргі заманғы молекулалық және генетикалық әдістерді қолдана отырып,
нодулярлық дерматит вирусының дeзоксирибонуклeотидті қышқылын (ДНҚ) аурудың ерте
сатысында тез және дәл анықтауға мүмкіндік беретін ірі қара малдың (ІҚМ) нодулярлық дерматит
ауруын (НД) зертханалық балауға арналған отандық сынақ-жүйесін әзірлеу маңызды міндет
болып табылады. Зерттеудің мақсаты – полимeрaзды тізбeкті рeaкция (ПТР) арқылы нодулярлық
дерматит ауруын зертханалық балауға арналған сынақ-жүйесінің компоненттік құрамын таңдау
және оңтайландыру. Мақалада сынақ-жүйенің компоненттік құрамын таңдау мен оңтайландыру
және ПТР әдісінің температуралық және уақыттық режимін өңдеу нәтижелері келтірілген.
Тәжірибе барысында реакциялық қоспаның негізгі компоненттері – праймерлердің, дНТФ,
MgCl2, сондай-ақ, Taq ДНҚ полимеразаның концентрацияларын оңтайландыру бойынша зерттеу
жұмыстары жүргізілді. Алынған тәжірибелік мәліметтерге сәйкес, 25 мкл көлемін құрайтын 0,25
мкл (5 бірлік/мкл) Taq ДНҚ полимераза, 1 мкл-ден (20 пмоль) праймерлер, 2 мкл 25 мМ MgCl2
және 1 мкл дНТФ қоспасы (10 мМ) ПТР қою үшін оңтайландырылған температуралық және
уақыттық режимдік параметрлерімен нодулярлық дерматиттің ерекше бір өнімін алуға жеткілікті
екендігі анықталды.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Қазақстан Республикасында алғаш рет ІҚМ нодулярлық
дерматит вирусын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ПТР қою шарттары пысықталды.
Алынған нәтижелер негізінде республиканың ветеринариялық практикасында ПТР негізінде
нодулярлық дерматитті диагностикалауға арналған сынақ-жүйе құрылатын болады.
Түйін сөздер: нодулярлық дeрмaтит, полимeрaзды тізбeкті рeaкция, сынақ-жүйе, диагностика.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-26

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE