Мұнайсұйылту және мұнайығыстыру қабілетті микроорганизмдердің скринингі

Авторлар

  • Кайырманова Г. К. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8486-0566
  • Свециска И . Белосток университеті, Польша, Белосток қ. http://orcid.org/0000-0002-2750-9451
  • Тапешова Ш. Ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ http://orcid.org/0000-0002-4454-390X
  • Магмияев Р. Б. Экология мәселелері ҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-0096-6046
  • Шаймерденова У. T. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ http://orcid.org/0000-0001-7399-7639
  • Сатаева К. Н. Экология мәселелері ҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ.
  • Ерназарова А. K. Экология мәселелері ҒЗИ, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-5195-1795

DOI:

10.26577/EJE.2020.v63.i2.02

Аңдатпа

Мақалада өңделген пласттардан мұнай шығаруды жоғарылатудың микробиологиялық әдісін құрастыру үшін объект-кандидаттар ретінде мақсатты метаболиттерді бөлуге қабілетті микроорганизмдердің зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмысының мақсаты экстремальды жағдайда, яғни, өңделген мұнайпласт суларынан бөлініп алынған мұнайсұйылту және мұнайығыстыру қабілетті микроорганизмдерінің скринингі. Мұнай пласт суларының микроорганизмдері үлкен биотехнологиялық потенциалға ие, сондай-ақ мұнайсұйылту және мұнайығыстыру метаболиттерін өндіреді, ол органикалық қышқылдар, биосурфактанттар, еріткіштер, газдар. Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша меласса қосылған минималды ортада зерттелген 15 штамм микроорганизмдерінен белсенді қышқылтүзуші 6 штамм Pseudomonas aeruginosa (T1, T4, T5, T6, D1, D3) анықталынды, солай дақылданған ортаның рН көрсеткіші (бастапқы 7,0 бір.) максималды төмен түсу көрсеткіші 4,1- 4,2 бір. аралығында байқалды. Максимальды мұнайэмульгирлеу индексі 50,4-65 % аралығында 7 штамм P. аeruginosa – T5, D1, D2, D3, D7, D8, D9 клеткаларына көрсетілген және белсенді газтүзуші 8 штамм P. аeruginosa (T1, T3, T4, D1, D2, D6, D8, D9) анықталынды. Мұнайсұйылту және мұнайығыстыру қабілетті микроорганизмдердің скрининг нәтижелері бойынша зерттелген псевдоманадтардан 5 штаммы іріктелінді (Т1, Т4, Т5,D1, D3) және оларды одан әрі мұнай шығаруды жоғарылатудың микробиологиялық әдістерін құрастыру үшін перспективті микроорганизмдері ретінде зерттеуді қажет етеді. Түйін сөздер: микроорганизмдер, мұнай шығаруды жоғарылату, эмульгирлеу индексі, газтүзу, қышқылтүзу. 

Жарияланды

2020-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ