Escherichia coli бактерияларының жасушаларында 8-метоксипсорален (8-MOP) SOS-жауаптың индукциясын зерттеу

Авторлар

  • Игонина Е.В., Лебедева А.А., Абилев С.К. РҒА Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институты, Ресей, Мәскеу қ.
  • Жошибекова Б. С. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v63.i2.05

Аңдатпа

Псориаз және витилиго фотохимиотерапиясы үшін 8-метоксипсорален (8-МОП) қолданылады. PUVA – терапиясы деп аталатын терапия кезінде алдын ала 8-МОП тағайындаған пациенттің зақымдаған терісін УФ-A (> 320 нм) сәулелендіреді. Фотохимиялық реакция нәтижесінде 8-МОП ДНҚ пиримидиндік негіздермен ковалентті байланыс түзеді және монофункционалды да, бифункционалды аддуктарды да қалыптастырады. 8-МОП цитоуыттылығының соңғы себебі псориатикалық жасушалардың өліміне әкеліп соқтырады. Алайда тірі жасушаларда осы аддуктар 8-МОП геноуыттылығының себебі болуы мүмкін. 8-МОПтағы цитоуыттылық пен геноуыттылықты салыстырмалы зерттеу үшін алғаш рет colD генінің промоторындағы LUX-опероны бар рекомбинантты плазмидты алып жүретін E.coli MG1655 (pColD-lux) luxбиосенсорын пайдаланды. Ген colD (cda) ДНҚ репарациясын және ДНҚ зақымдануына жасушалардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін E.coli-дің SOS-регулонына кіреді. Lux-оперон ДНҚ зақымдануына SOS-жауап деңгейін сипаттайтын репортер функциясын орындайды. УФ-A сәулемен белсендірілген 8-МОП цитоуыттылық көрсеткіші ретінде бактериялардың өлуін, ал геноуыттылық-биосенсор люминесценциясының қарқындылығының өзгеруі бойынша ескеріледі. SOS-жауап бактерияларындағы 8-МОП индукциясы УФ-A дозасына да, 8-МОП концентрациясына да байланысты. УФ-A-нің жоғары дозаларында бактериялар жасушаларының өміршеңдігі 25 есе (2х108-ден 8х106 КОЕ-ге дейін), ал өміршең жасушаларда-SOS-жауаптың қарқындылығы 106 клеткаға қайта есептегенде 675 есе өскені анықталды. Оылайша, бактериялық тест-жүйеде 8-МОП генотоуыттылық әсері оның цитоуыттылығынан бірнеше есе артық екендігі көрсетілген. Түйін сөздер: 8-метоксипсорален, lux-биосенсор, E. coli, промотор гена ColD, SOS-жауап, УФ-A-сәулеленуі, аддукт.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-06-25

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE