Микроорганизмдерді дақылдауда әктастың кеуектілігін зерттеу
DOI:
10.26577/EJE.2020.v64.i3.02Аңдатпа
Мақалада экстремалды жер асты жағдайларынан бөлініп алынған микроорганизмдерді
дақылдау кезінде әктас кеуектілігінің өзгеру нәтижелері берілген. Зерттеуде қолданған
биообъектілер – жоғары мұнай сұйылтушы және мұнайығыстырушы белсенділікке ие, ал
мұнайдың карбонатты коллекторының моделі ретінде әктастың түрі – бор алынды. Микробтық
метаболиттер – қышқылдар мен спирттер – карбонатты таужыныстарды ерітеді, тұздың
түсуіне жол бермейді, кеуектілікті, мұнайдың қозғалғыштығын және пласт өткізгіштігін
жоғарылатады. Зерттеудің мақсаты – 45 0С температурада 30 тәулік бойы мұнай пласт суларында
микроорганизмдерді дақылдаудан кейін әктастың ашық кеуектілігінің өзгеруін зерттеу болып
табылады. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде жоғары мақсатты белсенділікке ие (қышқыл-,
газтүзу және мұнайэмульсиялау қасиеті) барлық 8 бактерия дақылдары әктастың кеуектілігін
6,5-15,3 %-ға дейін арттыруға қабілетті екендігі анықталды. Әктас саңылауларын максималды
кеңейту қабілетіне Bаcillus sp. КБ-4 және Bаcillus cereus КБ-2 дақылдары ие екендігі көрсетілді,
солай материалдың ашық кеуектілік коэффициенті 48,5% және 48,6%-ға дейін өсті (бастапқы
көрсеткіштер – 33,8% және 33,3%), сәйкесінше. Мұнайпласт суларында микроорганизмдерді
дақылдау барысында әктастың кеуектілігінің зерттеу нәтижесінде келесі екі бактерия дақылдары
– Bаcillus sp. КБ-4 және Bаcillus cereus КБ-2 іріктеліп алынды және олар мұнай шығаруды
жоғарылатудың микробиологиялық әдістерді құрастыруында перспективті объектілер ретінде
ұсынады.
Түйін сөздер: микроорганизмдер, мұнай шығаруды жоғарылату, кеуектілік, әктас,
қышқылтүзуші.








