Ксилол изомерлерін тиімді ыдырататын көмірсутектотықтырғыш микроорганизмдердің консорциумдарын құру

Авторлар

  • Файзулина Э.Р., Айткельдиева С.А. Татаркина Л.Г., Алимжанова М.Б., Алимбетова А.В., Ауэзова О.Н., «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.,
  • Спанкулова Г. А. «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

10.26577/EJE.2020.v64.i3.04

Аңдатпа

Қоршаған ортаға және адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіндіктен, хош иісті
көмірсутектер соңғы кездері жан-жақты зерттеу тақырыбына айналды. Олар мұнай өндіру
процесі, резервуарлардың ағуы және ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде кездесетін мәселелер
нәтижесінде топырақ пен жер асты суларында оңай таралуы мүмкін. Сондықтан оларды жою
ең маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Табиғи ортаны тазартудың
биологиялық әдістері химиялық және физикалық тазарту әдістерімен салыстырғанда ең қауіпсіз,
тиімді және шығыны аз. Қазіргі уақытта көп күш ластағыш заттарды аз зиянды, қауіпті емес
қосылыстарға минералдандыруға қабілетті бактериялық қауымдастықтарды табуға бағытталған.
Сонымен қатар, консорциумдарды қолдану көмірсутектердің ыдырау тиімділігін одан әрі арттыра
алады, өйткені олар көптеген метаболиттік мүмкіндіктерге ие. Бұрын біз Батыс Қазақстанның
мұнаймен ластанған топырағынан о-ксилолды тотықтыруға қабілетті көмірсутектотықтырғыш
микроағзаларды бөліп алдық. Бұл жұмыстың мақсаты бактериялық консорциум құру және ксилол
изомерлері қоспасының ыдырату тиімділігін зерттеу болды. Жартылай үздіксіз өсіру әдісімен
жоғары тотықтыру мүмкіндігі бар штамдардың нұсқалары алынды. Олардың м- және п-ксилолда
өсу қабілеті тексерілді. Көмірсутектотықтырғыш бактериялардан таңдап алынған белсенді
штамдар негізінде, үш ксилол изомерлерінің қоспасын тиімді ыдырататын консорциумдар
құрылды. 24 сағаттан кейін ксилолтотықтырғыш консорциумдар өсірілген қоректік ортадағы
қалдық мөлшері о-ксилол 6,1-12,7%, м-ксилол – 4,5-10,2%, п-ксилол – 10,2-20,2% құрады. Ең
жоғары белсенділікті 8-ші қауымдастық (B. megaterium 1/1 ан, B. thuringiensis 2/4 фл, B. tropicus
2/6 фл, B. megaterium П1-фл1-5) көрсетті, яғни 89,8-95,5% зерттелген субстраттарды ыдыратқан.
Түйін сөздер: биодеградация, көмірсутектотықтырғыш бактериялар, консорциум, ксилол
изомерлері.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-12-15

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ