Бидай сорттағы және жана мутантты линиялардағы фитин қышқылы мен фитазаның белсенділігінің айырмашылықтары
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJE.2020.v64.i3.05Аңдатпа
Бидай сұрыптарында дәндердің құрамында фитин қышқылының (ФҚ) жоғары болуына
микронутриенттердің биожетімділігінің генетикалық алуантүрлілігі шектеулі. ФҚ бұл мәселені
одан ары тереңдетеді, себебі сіңімділігі жоқ микронутриенттер жиынтығымен тікелей
байланысты, сондықтан адамдар мен малға сіңімділіктің төмендеуіне әкеліп соғады. 60Co
пайдалану арқылы 100- және 200-гр гамма сәулелендіру жағдайында алынған бидайдың
жаңа мутантты линиялары (M7 ұрпақ) генетикалық жағдайда жасалған Эритроспермум-35 ФҚ
өзгергіштігін бағалауға және фитазаға белсенділігін өсіру күшін зерттеу үшін пайдаланылды.
100- және 200-гр гаммма сәулелендіру жағдайында алынған Эритроспермум-35 мутантты
линияларында ФҚ құрамында маңызды генетикалық өзгергіштік анықталды, олардың ішінен
200-гр гаммма сәулелендіру жағдайында алынған линиялар ФҚ дәндерде анағұрлым төмен
болды, аталыққа қарағанда 1,2 – 3,5 есе, 100 Гр да оның ең төмен ортақ мәні 0,78 ± 0,02 мг/г.
Сорттағы және мутантты линиялардағы түрлендірме белсенділігі уақытпен өнуіне байланысты
(3 және 6 сағат) Эритроспермум-35 сортында өнуге 1,47 есе уақыт артты және 1,36-3,53 есе
мутантты линияларда фитазаның белсенділігін арттырды, бұл дегеніміз фитазаның белсенділігі
уақытпен өнуіне және генотипке тәуелділігін дәлелдейді. Фитаза белсенділігінің дән, тамыр және
өскіндерде бөлінуін сортта және мутантты линиялардағы 12 және 24 сағаттық өскіндерде ФҚ
құрамының өзгешеленуі біртіндеп дәндегі белсенділіктің төмендеуін көрсетті және бірқалыпты
тамыр мен өскіндерде оның деңгейінің өсуі анықталды. Ең жоғары фитазаның белсенділігі 35/1
нөміріндегі мутантты линияда 12 сағаттық дән, тамыр және өскіндерде болды, 35 сортының
3,05, 3,03 және 8,43 есе артқан, сәйкесінше, белсенділігі жоғары фитаза сорттарын әзірлеуге
құнды болып табылады.
Түйін сөздер: дәнде фитин қышқылының түрленгіштігі, бидай, фитаза белсенділігі.
