Атырау мұнай өңдеу зауытының қалдықтарымен табиғи ортаның ластану жағдайын бағалау

Авторлар

  • T S Kainenova Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0001-8750-5703
  • R O Orinbasar Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-6198-3018
  • Zh U Zhubandykova Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0003-2028-9262
  • М Н Молдабаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ. http://orcid.org/0000-0001-8218-6731

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2021.v68.i3.09

Аңдатпа

Қазақстан экономикасының жетекші салаларының бірі мұнай мен газды өндіру және өңдеу саласы болып табылады. Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану адамның тіршілік ету ортасының қазіргі өзгеруіне, биосферадағы микроэлементтердің табиғи балансының бұзылуына алып келеді. Негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындар заманауи қалдықсыз, экологиялық технологияларды қолдануды негізге алуда. Бұл кәсіпорындар ластаушы заттардың көздерінен табиғи ортаға зиянды шығарындыларды азайту үшін қанша қаражат салса да, жергілікті тұрғындардың денсаулығына теріс әсер ете отырып, табиғи ортаның барлық компоненттеріне әсер етеді және ластайды.
Мониторингтік зерттеулер көп жылдық мұнай өндіру және Атырау мұнай өңдеу зауытының, газ өңдеу зауытының қоршаған ортаға шығаратын зиянды заттар мен төгінділерінің жыл сайынғы ұлғаюы мұнай мен мұнай өнімдерінің, оның ішінде топырақтағы күкіртті қосылыстардың мөлшерінің айтарлықтай артуына, қала аймақтарындағы атмосфералық ауаның құрамындағы күкіртсутектің және күкірт диоксидінің деңгейінің артуына алып келеді. Ғылыми ізденістер негізінде Атырау қаласында орналасқан Атырау мұнай өңдеу зауытының іс-әрекетімен байланысты табиғи ортаның ластану деңгейіне назар аударылды. Жұмыстың нәтижелері осы аймақтың экологиялық жағдайын, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту бағытында пайдаланыла алады.


Түйін сөздер: ағынды сулар, булану, күкіртсутек, ластану, мұнай қалдықтары, топырақ.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-09-23

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН БИОТАҒА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУШЫЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІН БАҒАЛАУ