БЕЛСЕНДІ ТҰНБАДАН КӨМІРГЕ БЕЙІМДЕЛГЕН МИКРООРГАНИЗМДЕРДІ ОҚШАУЛАУ ЖӘНЕ ИДЕНТИФИКАЦИЯЛАУ

Авторлар

  • M. Kozhakhmetova Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5879-3475
  • A. Alibekova Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4476-5614
  • D. Nussipov Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3581-0671
  • B. Kamenov Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1484-9000

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2023.v77.i4.09

Аңдатпа

Бүгінгі таңда Қазақстан көмір өндіру бойынша көлемі 38 миллиард тоннаға бағаланатын, әлемнің алғашқы ондығына кіреді. Төмен сапалы көмірді қайта өңдеу-мұқият ғылыми зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып, өйткені ол органикалық тектес негізгі энергия тасымалдаушылардың бірі болып табылады және қазіргі уақытта биоотын немесе био тыңайтқыш сияқты қосымша құнды өнімдер үшін перспективалы шикізат көзі болып саналады. Көмірдің биожетімділігін арттыру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады, соның ішінде көмірді экзогендік микроорганизмдермен алдын-ала өңдеу. Бұл мақалада белсенді тұнба бактерияларын көмірге бейімдеу әдісі көрсетілген, содан кейін оны микроорганизмдер қауымдастығы үшін көмірдің биожетімділігін арттыру үшін алдын ала өңдеу ретінде пайдалануға болады. 16s рРНҚ генінің талдауы негізінде көмірге бейімделген Enterobacter bugandensis 247, Lysinibacillus macroides LMG 18474, Acinetobacter pittii DSM 21653, Achromobacter insolitus LMG 6003, Achromobacter denitrificans nbrc 15125 түрлеріне жататын микроорганизмдер анықталған. Микроорганизмдер E8 синтетикалық қоректік ортасында, белсенді түрде өсті, онда көміртектің жалғыз көзі көмір болды, бұл сәтті акклиматизацияның нәтижесі болды.

Түйін сөздер: көмір, биожетімділік, бактериялар, белсенді тұнба, акклиматизация, биодеградация, биоконверсия.

Жарияланды

2023-12-29

Журналдың саны

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ