ССОРБҰЛАҚ КӨЛІНІҢ АЛЬГОФЛОРАСЫНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТОКСИН ТҮЗЕТІН ЦИАНОБАКТЕРИЯЛАРДЫ БӨЛІП АЛУ

Авторлар

  • Нурзия Акмуханова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4897-1204
  • Айгерім Қонысбай Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9370-5514
  • Сандуғаш Сейілбек Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4897-1204
  • Болатхан Заядан Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-4572-2416
  • Аделя Еламанова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-1840-8955
  • Индира Абибуллаева Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0005-2874-0160
  • Назым Бидағұлова Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-9165-5333

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE.2024.v78.i1.011

Аңдатпа

 

Микроорганизмдердің биоалуантүрлілігі жаңа перспективті микроорганизмдердің түрлерін анықтау үшін пайдаланылмаған ең үлкен резервуар болып саналады. Мақаланың мақсаты Сорбұлақ көлінің альгофлоасын зерттеу және токсин түзуге қабілетті цианобактерияларды бөліп алу. Сорбұлақ көлінен микробалдырлардың 153 түрі анықталды. Ластанған су экожүйелеріне тән жоғары алуантүрлілік (44%) жасыл балдырларда анықталды. Сандық құрамы бойынша екінші орынды диатомды балдырлар (24 %) алады. Сорбұлақ су қоймасының экожүйесінен анықталған түрлердің 20% цианобактериялар және 11% эвгленалы балдырлар. Анықталған цианобактериялардың ішінен 15 түрі потенциалды токсигенді организмдер болып саналады. Сорбұлақ көлінен 4 таза цианобактерия дақылдары бөлініп алынды. Цианобактериялардың оқшауланған штамдарының ішінде A. salina сынақ объектісіне қатысты ең улы цианобактерия Microcystis aeruginosa штаммы болды. Microcystis aeruginosa цианобактериясының биомасса сығындысынан токсиндердің 3 құрылымдық нұсқасы анықталды. Олардың молекулалық салмағы: микроцистин-LA - 910,61 m/z, микроцистин-RR - 1038,52 m/z, микроцистин-YR - 1045,47 m/z.

Түйінді сөздер: биоалуантүрлілік, цианобактериялар, балдырлар, альгофлора, токсин түзетін цианобактериялар

Жарияланды

2024-03-29

Журналдың саны

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ