БАЛҚАШ КӨЛІНІҢ ТҰЗДЫ БӨЛІГІНІҢ АЛЬГОФЛОРА ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ФОТОТРОФТЫ МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ АКСЕНИКАЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫН БӨЛІП АЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE86120267

Аңдатпа

Бұл жұмыста Балқаш көлінің тұзды бөлігінің альгофлорасының түрлік құрамы анықталып, келешегі мол микробалдырлар мен цианобактериялардың жаңа дақылдары бөлініп алынып, олардың морфологиялық, дақылдық және физиологиялық қасиеттері зерттелді. Талдау нәтижесінде Балқаштың шығыс жағалауынан алынған су сынамаларының альгофлора құрамында диатомды балдырлар (Bacillariophyta) 40,33%, жасыл балдырлар (Chlorophyta) 32%, көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta) 19,33% және эвгленалық балдырлар (Euglenophyta) 8,33% құрады. Олар 4 бөлімге, 6 классқа, 6 қатарға, 11 тұқымдасқа және 22 туысқа жататындығы анықталды. Микробиологиялық әдістері негізінде микробалдырлар мен цианобактериялардың 8 аксеникалық таза дақылдары бөлініп алынып, олар Oscillatoria sp, Nostoc sp, Arthrospira sp, Anabaena sp, Chlorella vulgaris, Parachlorella kessleri, Dunaliella salina, Navicula sp. болып анықталды. Әр дақыл үшін өсірудің оңтайлы жағдайлары анықталды. Бөлініп алынған цианобактерия дақылдарының өсу қарқындылығы BG-11, Заррука қоректік орталарында рН 7 - 9 кезінде 28-32°С оптималды температура аралығында байқалды. Ал, бөлініп алынған микробалдыр дақылдары, Тамия, Артария және BG-11 қоректік орталарында рН 6,5–7,5 кезінде 27°C -30°C температура аралығында тиімді өсу көрсеткішін көрсетті. Бұл таза дақылдар өндірістік биотехнологияда, атап айтқанда биологиялық белсенді қоспалар әзірлеуде ерекше қызығушылық тудыратын объект болып табылады.

Кілт сөздер: альгофлора, аксеникалық таза дақылдарды бөлу, микробалдырлар мен цианобактерия дақылдары, тұзды көл.

Автор өмірбаяндары

  • Ақнұр Тоқтыбай, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Биология және биотехнология проблемаларының ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері ҚР ҒЖБМ

  • Дамыс Салауат, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Әл - Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы "8D08401-балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау" мамандығының 3-курс PhD докторанты

  • Кенжегүл Болатхан , Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының ассоциирленген профессоры

  • Сандуғаш Сандыбаева, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы

  • Гүлнәз Ахметова, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті Биотехнология кафедрасының аға оқытушысы

  • Әсем Құрметхан, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Биология және биотехнология проблемаларының ҒЗИ қызметкері ҚР ҒЖБМ

  • Санжар Санатов, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Экологиялық биоинженерия» мамандығының 1 курс магистранты

  • Болатхан Заядан, Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

    Биология ғылымдарының докторы, , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының профессоры, ҰҒА-ң Академигі

  • Pavel Hrouzek , Чехия Ғылым Академиясының микробиология институты, Алгатех орталығы, Требонь, Чехия Республикасы

    Ph.D. Балдырлар биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі, Чехия Ғылым Академиясының Микробиология институты- Algatech орталығы

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION