ОНТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАБАЙЫ ӨСЕТІН ҚҮРТҚАШАШ ПЕН ҚЫЗҒАЛДАҚ ТҮРЛЕРІ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ
DOI:
10.26577/EJE872202614Аңдатпа
Мақалада Оңтүстік Қазақстандағы экотуризмнің тарихы, тәжірибесі және болашағы туралы мәліметтер келтірілген. Бұл өңір елдегі бес аймақтың ішінде туристік тартымдылығы бойынша бірінші орында. Негізінен сөз тәуелсіздік алғаннан кейін елімізге белсенді түрде келе бастаған алыс шетелден келген туристер туралы болып отыр. Алғашқы экологиялық турларды белгілі орнитологтар және фотографтар А.Ю. Книстаутас пен О.В. Белялов ұйымдастырған, олар арнайы турларды танымал «Хан Тәңірі» туристік фирмасы арқылы іске асырды. Туризмнің ең құнды және келешегі зор нысандарының қатарына жабайы өсетін құртқашаш пен қызғалдақтар жатады, олардың түрлік алуан түрлілігінің 75%-дан астамы дәл осы Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Мақалада эндемик және Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді көрсете отырып, 53 түрдің тізімі беріледі. Сондай-ақ туристерге көрсетілетін негізгі нысандар сипатталып, бұрын апробациядан өткен 15 маршрут туралы және болашақ экскурсияларға арналған 6 жаңа маршрут ұсынылады. Мақалада жалпы экотуризмнің, әсіресе ботаникалық туризмнің ел экономикасының дамуы мен оның халықаралық беделін арттыру үшін маңыздылығы атап өтіледі.
Түйін сөздер: жабайы өсетін құртқашаштар, қызғалдақ, Оңтүстік Қазақстан, экологиялық туризм, экскурсиялық маршрут.








