ЖОҒАРҒЫ ЕРТІС БАССЕЙНІНДЕГІ БҰҒАЗ ӨЗЕНІНІҢ ИХТИОФАУНАСЫ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
DOI:
10.26577/EJE87220269Аңдатпа
Мақалада Жоғарғы Ертіс бассейніндегі Бұғаз өзенінің ихтиофауна құрамы және балық түрлерінің популяциялық жағдайы талданды. Зерттеу 2005, 2023 және 2024 жылдары Бұғаз өзенінен жиналған материалдар негізінде жүргізіліп, жалпы ихтиологиялық әдістермен зерттелінді. Морфометриялық талдау барысында балықтардың дене ұзындығы мен салмағы өлшеніп, Fulton бойынша күйлілік коэффициенті (K) есептелді және деректер унивариантты статистикалық әдіспен өңделді. Зерттеу нәтижесінде Бұғаз өзенінде тұқытәрізділер (Cypriniformes) отрядына жататын 9 балық түрі анықталды: тарақ балық, Алтай гольяны, Балқаш гольяны, теңге балық, торта, теңбіл талма балық, сұр талма балық, кәдімгі шырма балық және сібір шырма балық. Алынған нәтижелер ихтиофауна құрамында абориген түрлердің басым екенін көрсетті. Тіркелген түрлердің ішінде торта интродуцент болып табылады, инвазиялық түрлер анықталған жоқ. 2005 жылғы материалдарда теңбіл талма балығының (Triplophysa strauchii) жекелеген дараларында паразиттік жалпақ құрттармен зақымдану тіркеліп, бұл популяцияның физиологиялық күйінің әлсірегенін көрсетті. 2023–2024 жылдары жүргізілген зерттеулер барысында су айдынның қоректік жағдайының салыстырмалы түрде тұрақтанғанын және паразитологиялық зақымданудың байқалмағанын көрсетті.
Кілт сөздер: ихтиофауна, морфометрия, Fulton коэффициенті, абориген, интродуцент, Cyprinidae, Nemacheilidae, Cobitidae.








