ARTEMIA  ЦИТОГЕНЕТИКАСЫ: КЕШЕНДІ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE208831526

Аңдатпа

Желбезекаяқты шаянтәрізділерге жататын Artemia туысы гипертұзды, анаэробты және биік таулы орта жағдайларына ерекше бейімделу қабілетіне, сондай-ақ дара жыныстылық пен партеногенезді қамтитын көбею стратегияларының алуан түрлілігіне байланысты цитогенетикалық зерттеулердегі маңызды модельдік организмдер тобына жатады. Бұл шолу Artemia цитогенетика саласындағы заманауи жетістіктерді жинақтай отырып, хромосомалық деңгейдегі геномдық жинақтарға, кариотиптік полиморфизмге, жыныс хромосомаларының эволюциясына және in situ жағдайында флуоресцентті гибридизация (FISH) сияқты молекулалық-цитогенетикалық әдістерге ерекше назар аударады.

Маңызды таксономиялық жаңалықтардың біріне – жақында сипатталған Artemia amati Asem et al. (2023) түрі жатады. Бұл Қазақстанда эндемик болып табылатын дара жынысты түр (бұрын «Artemia sp. Kazakhstan» ретінде белгіленген) және Орталық Азия популяцияларын зерттеуге жаңа негіз қалыптастырды. Ең маңызды жетістіктердің бірі – Цинхай–Тибет үстіртінен шыққан биік таулы A. tibetiana түрінің 21 псевдохромосомадан тұратын хромосомалық деңгейдегі геномдық жинағының жасалуы. Бұл жинақ биік таулы орта стрессіне бейімделу механизмдері туралы жаңа мәліметтер береді.

A. franciscana геномының жинақтары дифференциацияланған эволюциялық страталары және ықтимал мейоздық сайленсинг механизмі бар ZW типті жынысты анықтау жүйесін сипаттауға мүмкіндік берді. Қытайдағы Artemia популяцияларына жүргізілген популяциялық-геномдық зерттеулер төрт түрлі кладаның бар екенін көрсетті. Олардың қалыптасуына аумақтардың геологиялық өзгерістері, климаттық өзгерістер және антропогендік әсер ықпал еткен. Сонымен қатар, Тибет популяциялары нуклеотидтік әртүрліліктің жоғары деңгейімен сипатталады. Жеке ядроларды профильдеу нәтижелері ұрықтық линияның оогенезі барысында Z-хромосоманың репрессияға ұшырайтынын көрсетті, бұл жыныс хромосомаларында мейоздық инактивация механизмі бар екенін дәлелдейді.

Артеминяың диапауза сатысынан шығуды реттейтін жасушалық адгезияны, сигналдық трансдукцияны және редокс-гомеостазды  реттеуге қатысатын SVP, MYC, RXR және SMAD6 транскрипциялық факторлар арқылы бақыланатыны анықталды. Алынған нәтижелер эволюциялық цитогенетика, стресс-төзімділік механизмдер және Artemia-ның аквакультура мен биоалуантүрлілікті сақтау салаларындағы биотехнологиялық ерекшеліктері туралы түсініктерді кеңейтеді. Болашақ зерттеулер W-хромосоманы толық карталау және түраралық динамикалық гибридизацияны зерттеу сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін интегративті мультиомдық тәсілдерге негізделуі тиіс.

Түйін сөздер: Artemia цитогенетикасы, Artemia amati, геномдық жинақ, кариотиптік өзгергіштік, жыныс хромосомалары, партеногенез, популяциялық генетика, диапаузаны реттеу.

Жарияланды

2026-09-30