АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚИҒАШ ӨЗЕНІ ФЛОРАСЫНДАҒЫ NELUMBO NUCIFERA GAERTN. ТҮРІНІҢ ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ЖӘНЕ ФИТОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН БАҒАЛАУ  

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJE208831226

Аңдатпа

 

Мақала Атырау облысы Құрманғазы ауданының батыс бөлігімен ағатын Қиғаш өзенінің флорасындағы Nelumbo nucifera Gaertn. түрінің ценопопуляцияларының қазіргі жағдайын зерттеуге арналған. Оған қоса осы өсімдік түрінің гүлі мен жапырағының фитохимиялық құрамы зерттелді.  Бұл мақалада N. nucifera түрі ценопопуляцияларының флорасына таксономиялық, экологиялық және фитохимиялық талдау жасалған. Қиғаш өзенінің флорасындағы N. nucifera ценопопуляцияларының құрылымы біршама тұрақты және тың және генеративті өсімдіктер тобының басым екенін көрсетті. Зерттелген ценопопуляцияда Қиғаш өзені жайылмасының өсімдік жамылғысы жағалау белдеуінде ярустық құрылымы бар аралас ағаш-бұталы-шөптесін қауымдастықтан, ал акваторияда N. nucifera басым су өсімдіктері ассоциациясынан тұрады. Бұл соңғы бірнеше жылда жеткілікті тұқым жаңартуының болуымен және жасыл балдырлармен селбесіп өсуімен байланысты. Ценопопуляциялардағы N. nucifera дараларының өміршеңдігіне негізінен тіршілік ету ортасының түрі әсер етеді. N. nucifera ценопопуляцияларының зерттелген құрылымы олардың Қиғаш өзені жайылмасын Батыс Қазақстан аймағындағы флоралық және ценотикалық әртүрлілігі жоғары, қорғауды қажет ететін табиғи су-батпақты фитоценоздарының құрамындағы жақсы жағдайын көрсетеді.

Түйін сөздер: Nelumbo nucifera, популяциялар, ценопопуляциялар, Атырау облысы, Қиғаш өзені.

Автор өмірбаяндары

  • Мерей Оразбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    педагогика ғылымдарының магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, ботаника және агроэкология кафедрасының PhD докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: merey2@gmail.com)

  • Абибулла Аметов

    ботаника және агроэкология кафедрасының профессоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы, Қазақстан, email: Abibulla.Ametov@kaznu.kz)

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘР ТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ