Кадирбекова А.А., Сабденбекова Г.Т., Оспанова А.С., Казова Р.А., Ленчке Я. Моделирование закономерностей влияния аэрополлютантов на степень очистки выбросов предприятия
1Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева, Казахстан, г. Алматы 2ЧУ Политехнический колледж корпорации «Казахмыс», Казахстан, г. Балхаш 3Берлинский университет Гумбольдта, Германия, г. Берлин *e-mail: zhaku84@mail.ru
Аңдатпа
Атмосфералық жүйеге мониторинг жүргізіліп, қалдықтардан тазарту процесі моделденді
және оған тиімді жағдайлар анықталды. Негізі көптік сызықтық емес байланыс болып табылатын
тәжірибені жаспарлау әдісі қолданылған. Латын квадраттары негізінде зерттелетін факторлар
кезеңдері (р) берілген (әдетте р=5) көпфакторлы жоспарлау матрицасы жасалады. Матрицаның
құрылымы мынадай: n =P2 жоспар бойынша жасалған барлық тәжірибелердің саны (n) n=52 тең,
кез келген фактордың кезеңі қалған барлық факторлардың әрбір кезеңімен бір рет үйлестіріледі.
Бұл кез келген фактордың кез келген кезеңінің нәтижесін таңдаған кезде зерттелетін фактордың
әрекеттің орташа мәнін табуды қамтамасыз етеді. Заттың ауысу дәрежесі, процестің толық жүру
критериясы болып табылады. Экологияда ол қоршаған ортаны ластау дәрежесі, технологиялық
процесте – заттың бастапқы күйден өнімге айналу дәрежесі, пайдалы өнімді алу дәрежесі,
кристалдану дәрежесі және т.с.
Мониторингті талдау нәтижесі экожүйеге қатты әсер ететін факторларды анықтайды.
Функцияны алгебралық сипаттаудың моделінің талдауы анықталған. Жеке функцияларды талдау
(1) – (4) қатты әсер ететін факторлардың бейорганикалық шаң концентрациясы (Х1), өзара
әрекеттесу ұзақтылығы (Х3) және қоршаған орта температурасы (Х4) екендігін көрсетті.
Түйін сөздер: модельдеу, көптік байланыс, фактор, аэрополлютант, жаспарлау матрицасы,
ластану дәрежесі, фактор деңгейі, жеке тәуелділік.








