Кадирбекова А.А., Оспанова А.С., Казова Р.А., Ленчке Я. Химико-аналитическое изучение воздействия медеплавильного цеха Балхашского горно-металлургического комбината на состояние почвы

Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева, Казахстан, г. Алматы 2ЧУ Политехнический колледж корпорации «Казахмыс», Казахстан, г. Балхаш 3Берлинский университет Гумбольдта, Германия, г. Берлин *e-mail: zhaku84@mail.ru

Авторлар

  • Кадирбекова A A 1Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева, Казахстан, г. Алматы 2ЧУ Политехнический колледж корпорации «Казахмыс», Казахстан, г. Балхаш 3Берлинский университет Гумбольдта, Германия, г. Берлин

Аңдатпа

Металлургиялық өндірістің қоршаған ортаға әсері қарқындылығымен, алуантүрлілігімен
және үлкен масштабымен ерекшеленеді. Тау-кен металлургиялық кешенінің экожүйесіне
антропогенді қысымның қарқындылығы экологиялық тепе-теңдікке жағымсыз әсер етеді.
Осыған байланысты, топырақ қабатының тозуы мен босаңсу көздерін бағалау мен уақытында
анықтау, геоэкологиялық-генетикалық көрсеткіштерін зерттеу, бүлінген жерлерді қалпына
келтіру мен қорғаудың ғылыми негіздерінің әзірлемесі, қалдықтарды жою мен қайта өңдеуге
арналған экологиялық таза технологиялардың әзірлемесі өзекті мәселе болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның литосфераға әсерін анықтау үшін мыс өндірісі аумағының
күйін зерттеу.
Мақалада геотехникалық жүйенің литосфераның топырақ қабатына тигізетін әсері
көрсетілген. Кен орындарын пайдалану үрдісінде шикізатты тасымалдау топырақ қабатының
бүлінуіне, атмосфераға тастанды газдардың шығуына, литосфераның өндірістік ағынды сулармен
тұздануына, топырақтың қоймаланған бос жыныстармен және шикізаттың ұсақ фракцияларымен
ластануына әкеліп соғады.
«Құрам-қасиет» толық диаграмма матрицасы бойынша құрылған көп компонентті жүйелерде
симплексті-торлы жоспарлау әдісі қолданылған.
Топырақтың тұздану үрдісіндегі тұздардың концентрациясын әдістемесі құрастырылған.
Поллютанттардың құрамын зерттеуде химиялық-аналитикалық нәтижелері, NaCl(Х1) – MgSO4(Х2)
– CaSO
4(Х3) жүйелері «құрам-қасиет» диаграммасын алу арқылы, тұзды құрамдардың топыраққа
әсерін симплексті-торлы жоспарлау деректері көрсетілген. NaCl(Х1) – MgSO4(Х2) – CaSO4(Х3)
=10:60:30 құрамдарының арақатынасында тұзданудың ең жоғарғы деңгейі анықталған.
Сульфаттармен байытылған аймақта тұздану деңгейі жоғары (99,8% дейін), сонымен қатар
хлорлану бұрышында тұздану деңгейі төмен (70-80% дейін). Хлоридтер аумағында тұздану
деңгейінің төмендеуі сілтілік металдардың хлоридтерінің жақсы ерігіштігіне негізделген (осы
жағдайда натрий хлорийді) және сульфаттармен салыстырғанда хлоридтердің шайылғыштығының
қарқындылығы жоғары.
Берілген жұмыстың тәжірибелік құндылығы табиғи минералдар галлит – NaCl, магний
сульфаты MgSO4 және кальций сульфаты CaSO4 жүйесін зерттеу жолымен литосфераның тұздану
деңгейінің төмендеуі бойынша ұсыныс болып табылады.
Негізгі нәтижелер Балқаш тау-кен кәсіпорны территориясында түздік сынақтар бойынша
алынған, ол нәтижелер зертханалық зерттеулермен расталады.
Түйін сөздер: топырақ, жүйе, тұздану, модельдеу, ландшафт, поллютанттар.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-05

Журналдың саны

Бөлім

ASSESSMENT OF THE EFFECTS OF ENVIRONMENTAL POLLUTANTS ON BIOTA AND HEALTH OF THE

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кадирбекова А.А., Оспанова А.С., Казова Р.А., Ленчке Я. Химико-аналитическое изучение воздействия медеплавильного цеха Балхашского горно-металлургического комбината на состояние почвы: Казахский национальный исследовательский технический университет имени К.И. Сатпаева, Казахстан, г. Алматы 2ЧУ Политехнический колледж корпорации «Казахмыс», Казахстан, г. Балхаш 3Берлинский университет Гумбольдта, Германия, г. Берлин *e-mail: zhaku84@mail.ru. (2017). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 51(2), 46-55. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/766