Бержанова Р.Ж., Мукашева Т.Д., Игнатова Л.В., Сыдыкбекова Р.К., Бектилеуова Н.К, Омирбекова А.А. Распространение актинобактерий в некоторых почвах Казахстана и их экологические функции
Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, e-mail: raihan_07_77@mail.ru
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның әртүрлі топырақтарындағы актиномицеттердің алуантүрлілігіне
қатысты мәселелер талқыланады. Топырақ гетерогенді орта болғандықтан, онда микроорганизмдердің әртүрлі топтары мен түрлері тіршілік етеді. Микроорганизмдердің арасында
актиномицеттер едәуір кең таралған. Олардың негізгі мөлшері нақты топырақта болады.
топырақтың әр түрі ондағы микробтық ценоздың құрамына байланысты ерекшелінетіндіктен,
олардың санының белгілі бір динамикасын құрайды. Топырақтағы актинобактериялардың санын
анықтау кезіндегі көрсеткіштердің мәліметтері топырақтың түрі мен тереңдігіне байланысты
болады. Зерттелінген Қазақстанның 15 түрлі топырақ үлгілеріндегі актиномицеттердің саны
103 нен 105дейін КТБ/г топырақ болды. Зерттелінген топырақтардағы актиномицетті кешен
таксономиялық алуантүрлілігімен едәуір ерекшеленді. Актиномицетті кешен кездесу жиілігіне
қарай түрлердің мынадай топтарына жіктелді: доминирлеуші (≥ 85 %), кәдімгі сирек (≥ 40 %) және
кездейсоқ (< 40%). Сонымен қатар, актиномицеттер кешеніндегі сукцессиялық өзгерулер белгілі
бір топырақтың ылғалдылығына тәуелді болады. Зерттелген топырақтарда актиномицетті кешенде
стрептомицеттер көптеген жағдайда едәуір тұрақты және доминирлеуші болды. Жұмысты
орындау барысында 338 изоляттың биосинтетикалық белсенділігі анықталды. Олардың арасында
94 штамның протеолитикалық белсенділігі бар екендігі көрсетілді, Streptomyces туысының
өкілдерінде целлюлозалитикалық белсенділік бар екендігі анықталды. Actinomadura және Streptomyces туыстарында амилолитикалық белсенділік айқын байқалды. Азотты фиксациялау қабілетті
Actinomadura және Chainia туыстары көрсетті. Жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе,
Қазақстанның әртүрлі топырақтарындағы актиномицетті кешендерінде негізінен Streptomyces,
Micromonospora, Streptosporangium, Actinomadura және Chainia туыстарының өкілдері құрады.
Алынған нәтижелер биологиялық белсенділігі жоғары биопрепараттар жасауда қолданылады.
Жасалған биопрепараттар ҚР ауылшаруашылығы министрлігіне және шаруа қожалықтарына
топырақтың құнарлылығын арттыру үшін қолдануға ұсынылады.
Түйін сөздер: актиномицеттер, стрептомицеты, фосфатмобилизирлеу, целлюлозалитикалық,
амилолитикалық, азотфиксирлеуші белсенділік.
