Чирикова М., Зима Ю. Морфологическая изменчивость серого варана (Varanus griseus) в Казахстане

Институт зоологии, Казахстан, г. Алматы, e-mail: m.chirikova@mail.ru

Авторлар

  • Чирикова М А Институт зоологии, Казахстан, г. Алматы,

Аңдатпа

Жұмыста Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Қызылқұмнан сұр келестiң Varanus griseus
морфологиялық құбылмалығы туралы мәліметтер келтірілген (Оңтүстік Қазақстан, 16 ұрғашылар,
14 еркек, 7 жартылай ересек және 7 кіші жастағылар). Жыныстық ерекшелiк белгiленген:
еркектердің кеуде, бас және құйрық өлшемдерi үлкен. Жасқа байланысты дене салмағының
өзгеруін талдауы бойынша бастың салыстырмалы ұзындығы төмендейді: Lc/L индексі кіші
жастағылардың 0,25, жартылай ересектердің 0,20 және ересектердің – 0,17 және 0,18. Кеуденiң
ұзындығы мен құйрық ұзындығы арасында тікелей оң өзара байланыс анықталды. Зерттелетiн
iрiктемесiнде төрт өлшемдi топтар ерекшеленген: 1) кеуденiң ұзындығы 15 см-ге дейiн
тарттыратын дарақтар, 2) 30-дан 38 см-ге дейін, 3) 40 см-ден 48 см-ге дейін және 4) 50 см-ден
жоғары. Оңтүстiк Қазақстан аумағындағы сұр кеселдiң денесінің жоғарғы жағындағы суретінің
негізгі өзгермелi нұсқалары келтірілген. Әр түрлi суреттiң түрлерi кездесетiндiк бойынша
Қызылқұмның оңтүстiгiнің (Сырдария өзенінің сол жақ жағалауы) iрiктемесi және Дарбаза
тауларының маңайындағы (Сырдария өзенінің оң жағалауы) iрiктемесi аралығында кейбiр өзгелiк
байқалады. Оңтүстік-шығыс және батыс Қызылқұмдағы дарақтар арасында суреттің өзгермелi
нұсқаларында ұқсастық белгіленді.
Түйін сөздер: Varanus griseus, Қазақстан, морфологиялық құбылмалық, жыныстық ерекшелiк,
дене салмағы.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-11-05

Журналдың саны

Бөлім

ACTUAL PROBLEMS OF BIODIVERSITY CONSERVATION