Dzhangalina E.D., Zhumabayeva B.A., Aytasheva Z.G., Lebedeva L.P., Shyngyzqyzy N. Prospects for using vegetable beans for breeding and food production

Казахский национальный университет им. аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы, *e-mail: Erika.Dzhangalina@kaznu.kz

Авторлар

  • Джангалина Э.Д Джангалина Э.Д Айташева З.Г Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Аңдатпа

Селекция мен тағамдық өндірісте
көкөністік үрмебұршақты пайдалану перспективалары
Аталған шолуда көкөніс үрмебұршағының негізгі биологиялық және морфологиялық
ерекшеліктері мен агрономиялық және тағамдық құндылық қасиеттері туралы айтылады.
Мақалада әр түрлі елдердегі дәнді-бұршақты дақылдарды өсірудің өзекті принциптері мен
селекциялық зерттеулердің қазіргі заманғы бағыттары келтірілген. Ресейлік және шет елдік
авторлардың соңғы 10-15 жылда әдебиеттік көздерге жүргізген талдаулары бойынша көкөніс
үрмебұршағына жүргізілетін селекциялық жұмыстар сортүлгілерді құнарлылық көрсеткіштері
бойынша кешенді бағалау, әртүрлі стресстік әсерлерге төзімділігін арттыру және тағамдық
құндылығын жоғарылатуға бағытталуы тиіс. Қазіргі кезеңде ол зерттеулер дәстүрлі және
молекулалық-генетикалық әдістермен жүргізіледі. Селекциялық зерттеу жұмыстарына ДНҚ
маркерлерді қолдану негізіндегі маркерлік селекцияны енгізу ауылшаруашылығы өндірісінде
ауруларға төзімділік сияқты шаруашылыққа құнды белгілерге ие, болашақта үміт күттіретін жаңа
сұрыптарды шығаруға жәрдемдеседі. Жоғары қоректілігімен құнды сұрыптарды өсіріп шығару
тұрғысындағы негізгі зерттеулер белоктың сандық және сапалық құрамының жақсартуына,
аминқышқылдық құрамының үйлестірілуіне, антиқоректілік заттардың аз мөлшерде болуына,
микроэлементтер мен витаминдерге бай болуына бағытталған. Мұндай сұрыптар тамақ
өнеркәсібіндегі сұраныстарды қанағаттандырып, көкөніс үрмебұршағының азық-түлік
индустриясында қолдану аумағын кеңейтпек. Мақалада Қазақстандағы көкөніс үрмебұршағын
өңдеудің болашағына ең басты назар аударылған. Көрсетілгендей, көкөніс үрмебұршағын өңдеу
аумақтарын кеңейту жеткілікті деңгейде тиімді және республика экономикасы үшін маңызы
зор. Үрмебұршақты ауылшаруашылық өндірісіне ендіру жер өңдеу жүйесінде табыстылықтың
жоғарылауына себеп болады, тамақ өнеркәсібін белоктық құрамы жоғарғы өсімдік өнімдерімен
қамту арқылы халықтың денсаулығы мен әл-аухатын жақсатады.
Түйін сөздер: көкөністік үрмебұршақ, сорт, селекция, тағамдық өндіріс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-04-12

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ