Akmukhanova N.R., Zayadan B.K., Bauyenova M.O., Sadvakasova A.K., Bolatkhan K., Seilbek S. Formation of structured biocenoses of higher aquatic plants and phototrophic microorganisms for application in wastewater treatment

Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы, *e-mail: nurziya.akmuhanova@kaznu.kz

Авторлар

  • Акмуханова Н.Р.*, Заядан Б.К., Бауенова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы

Аңдатпа

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіруде пайдаланылатын
заманауи әдістердің бірі – биоремедиация. Бұл әдіс алуантүрлілікті сақтай отырып, қоршаған
ортаны қайта қалпына келтіруші биоценоздың төзімділігін арттырады. Осы бағыттың ғылыми
жаңалықтары 90-жылдары қалыптасты және қазіргі таңда экобиотехнология қарқынды даму
үстінде.
Ластанған суларға төзімді цианобактериялар мен микробалдырларды пайдалану, тазалаушы
консорциумға жоғары сатылы су өсімдіктерін енгізу, ластанған су қоймаларын тазалау және
қайта қалпына келтіретін жаңа кешенді биотехнологиялық үрдісті жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты, биоремедиациялық үрдістерді басқарудың оптималды
көрсеткіштерін қарастыру үшін, әр түрлі таксономиялық топтардың организмдерінен тұратын
құрылымдық биоценозды құрастыру.
Организмдер арасындағы оңтайлы әсер мына консорциумдар арасында байқалғаны
анықталды: Ankistrodesmus sp. ВI-1 + Anabaena variabilis RI-5 + Pistia stratiotes и Scеnеdеsmus
quadricauda В-1 + Anabaena variabilis RI-5 + Pistia stratiotes. Бірлесіп өскен уақыт аралығында
консорциумның барлық компоненттері бір-бірінің дамуын ынталандыратыны, барлық
консорциумдардың өсу динамикасы осы организмдердің монодақылымен салыстырғанда жоғары
екені анықталды. Зертханалық жағдайда ЖССӨ, микробалдырлар және цианобактериялардың
консорциумын ағынды суларды тазалау үрдісінде пайдалану, монодақылды пайдаланумен
салыстырғанда тиімді екені көрсетілді.
Түйін сөздер: микробалдырлар, цианобактериялар, биоремедиация, консорциум, жоғары
сатылы су өсімдіктері.

Жарияланды

2018-04-12

Журналдың саны

Бөлім

ВОЗДЕЙСТВИЕ НА ОКРУЖАЮЩУЮ СРЕДУ АНТРОПОГЕННЫХ ФАКТОРОВ И ЗАЩИТА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Akmukhanova N.R., Zayadan B.K., Bauyenova M.O., Sadvakasova A.K., Bolatkhan K., Seilbek S. Formation of structured biocenoses of higher aquatic plants and phototrophic microorganisms for application in wastewater treatment: Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, Алматы, *e-mail: nurziya.akmuhanova@kaznu.kz. (2018). ҚазҰУ хабаршысы. Экология сериясы, 52(3), 46-53. https://bulletin-ecology.kaznu.kz/index.php/1-eco/article/view/780